Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Вознесенка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Вознесенка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Бұланды ауданы Вознесенка ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

Юлия Николаевна Сироткина, 1983 жылы туған, «Бұланды ауданы Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты», әкім, Вознесенка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан;

Дулат Сандыбайұлы Жаркин, 1982 жылы туған, «Макинск қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі», директор, Макинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну;

Самал Амантайқызы Аяпбергенова, 1985 жылы туған, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», басшы, Макинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну.

 

Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 мая 2023