Қазақстан Республикасының Жер кодексі 50 - бабының 4 -тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 - бабының 1 -тармағына, 13 - тармақшасына және 31 - бабының 1 -тармағына, 10 - тармақшасына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Қоса беріліп отырған:
1) уақытша жер пайдалану құқығымен Бұланды ауданының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері;
2) уақытша жер пайдалану құқығымен шетелдік қатысуы жоқ Бұланды ауданының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бір әкімшілік ауданның шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері бекітілсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |