«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес 2023 жылдың 30 наурызында сағат 09. 30-да жаңадан сайланған сегізінші шақырылымдағы Бұланды аудандық мәслихатының бірінші сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына: «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы округтік сайлау комиссиясының есебі» және т.б. сұрақтар қойылады.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы Б.Ш.Тасылбекова