Макинск қаласындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Макинск қаласы азаматтарының жеке санаттарының жол жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктерді белгілеу туралы

 

 

 

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

 

 

Макинск қаласындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа)

Макинск қаласы азаматтарының жеке санаттарының жол жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктерді белгілеу туралы

 

 

            «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

            1.Макинск қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) азаматтардың келесі санаттарына тегін жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленсін:

            1) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар (заңды өкілдердің бірі), көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға – тегін жол жүру;

            2) Көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру;

  1. Қаржыландыру көзі аудандық бюджет болып анықталсын.
  2. Осы бірлескен Бұланды ауданы әкімдігінің қаулысы және Бұланды аудандық мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
10 марта 2023