«Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының             12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы         № 90/174 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

         аталған қаулыға № 1 қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сай  жаңа редакцияда жазылсын;

         аталған қаулыға № 2 қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сай  жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және  астананың сайлау комиссияларына жіберілсін. 
  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 Төраға                                                                                   Б. Имашев

 

Хатшы                                                                                   С. Мұстафина

         

Нұр-Сұлтан қаласы

2021 жылғы 7 шілде

№ 9/415

 

 

 

                                                             Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 7 шілдедегі

№ 9/415 қаулысына 2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2007 жылғы 25 маусымдағы

№ 90/174 қаулысына 2-қосымша

 

 

 

Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған               үй-жайда (пунктте) орналастырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне,  өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы бірыңғай форматтағы ақпарат

 

 

  1. Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне, өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар (бұдан әрі - кандидаттар) туралы ақпарат мөлшері 21х29,7 сантиметр (А4 форматы) бірыңғай форматтағы ақпараттық плакатта қамтылады.
  2. Ақпараттық плакатта:

1) ортасында - кандидат берген, оның мөлшері 9х15 сантиметр  фотосуреті;

2) ақпараттық плакаттың сол және оң жақтарынан – кандидаттың, тиісінше, мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы және жылы, туған жері, азаматтығы, білімі, ұсыну тәсілі көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша өмірбаяны орналастырылады. Ұлты мен саяси партиядағы мүшелігі кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

____________________________________________________________________

 

                                                                       

Дата публикации
24 февраля 2023