Бұланды ауданының әкімдігі «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің 2023 жылғы 6 қаңтардағы №06-28/38 хатын негізге ала отырып, Бұланды ауданында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды анықтауға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 қаңтарынан басталғанын хабарлайды. Өтінімдерді 2023 жылдың 16 қаңтарынан 3 ақпанға дейін қабылданады. Өтінімтер «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында мына мекенжай бойынша қабылданады: Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасова көшесі, 19, немесе Е-өтініш порталы арқылы қабылданады.
Қатысушылар (әлеуетті операторлар) келесі талаптарға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады:
- Салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
- Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екендігі туралы банктің анықтамасы;
- Мүлікке ауыртпалықтың жоқ екендігі туралы анықтама;
- Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада оператордың банктік шотынан қаржы қаражатының бар екендігі туралы үзінді көшірме немесе екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты;
- Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтауға және босатуға арналған мұнай базаларының болуы;
- Қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы;
- Автожанармай құю станцияларының болуы және АШТӨ үшін дизель отынын талон жүйесі бойынша босату жөніндегі келісім ;
- Әлеуетті Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы Бұланды ауданның «Ауыл шаруашылығы» ММ-не күн сайын ақпарат беруге міндетті;
- Дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.
Барлық сұрақтар бойынша Бұланды ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасова көшесі, 19 мекенжайы бойынша немесе 8 (71646) 2-25-06 телефоны арқылы хабарласуға болады.