2020-2022 жылдарға арналған Бұланды ауданының азаматтық бюджеті

2020-2022 жылдарға арналған

Бұланды ауданының азаматтық бюджеті

 (аудандық бюджет Бұланды аудандық мәслихатының 2019 жылғы

24 желтоқсандағы № 6С-49/1 шешімімен бекітілді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 болып тіркелген,

2020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электроныдық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған)

         Бұланды ауданының азаматтық бюджеті аудандық бюджеттің қалыптастырылуы туралы қоғамды хабардар ету мақсатында әзірленді және аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасуының параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалуының бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бұланды ауданының азаматтық бюджеті келесі бөлімдерден тұрады:

  • өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;
  • аудандық бюджеттің түсімдері мен шығыстары;
  • аудандық бюджеттің тапшылығы (профициті).

 

  1. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 276-VІ «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

  • жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері –   16 839 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 38 636 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш– 2 651 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 31 183 теңге.

Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға) 135 878 теңгені (орташа облыс бойынша – 139 728 теңге) және 2018 жылға қарағанда 136,8% құрады. Нақты жалақының индексі – 130,7% (орташа облыс бойынша – 110,7%).

Жоғары жалақы өнеркәсіпте – 195 481 теңге (43,9%-ға орташа аудандық деңгейден көп), ауыл, орман және балық шаруашылығында – 167 414 теңге (23,2%-ға) сақталып отыр.

Төмен жалақы көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуді жүзеге асыратын – 65 024 теңге (52,1%-ға орташа аудандық деңгейден аз), өнер, ойын-сауық және демалыс –                      86 103 теңге (36,6%-ға) қызметкерлерінде.

 

  1. Аудандық бюджеттің түсімдері мен шығыстары

 

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған Бұланды ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының негізінде қалыптасты. Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында атаған тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар, сондай-ақ жалпы алғанда бюджет көлеміне ықпал етпейтін заңнамадағы өзгерістер есепке алынды.

 

Түсімдер

2020 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері 5 919 143,0 мың теңге көлемінде белгіленді, соның ішінде трансферттер түсімдері 4 894 706,0 мың теңгені құрайды. Оның 62,6% облыстық бюджеттен берілетін субвенцияға тиесілі. Республикалық және облыстық бюджеттерден кредиттер 317 487,0 мың теңге сомасында қарастырылды.

2020 жылға арналған меншікті кірістер 1 024 437,0 мың теңге сомасында белгіленді, 2019 жылмен салыстырғанда 105 925,1 мың теңгеге көбейген. Түсімдердің негізгі бөлігі әлеуметтік салыққа тиесілі, ол меншікті кірістер көлемінің 51,7% құрайды (530 006,0 мың теңге). Меншікті кірістердің жалпы көлемінде мүлікке салынатын салық 26,4%-ды, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін  түсімдер – 6,7%-ды, жерді сатудан түсетін түсімдер – 8,8%-ды құрайды.

 

 

 

 

1-кесте

 

Түсімдер

2019 жыл

2020 жыл

өсу қарқыны, %

2021 жыл

2022 жыл

Барлығы (мың теңге)

6 241 609,0

6 241 779,0

100,0

4 539 534,0

4 090 587,0

Меншікті кірістер, соның ішінде:

918 511,9

1 024 437,0

111,5

1 047 490,0

1 088 053,0

салықтық түсімдер

833 250,0

907 746,0

108,9

957 357,0

995 920,0

салықтық емес түсімдер

10 906,9

26 691,0

2,4 есе

24 333,0

24 333,0

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

74 355,0

90 000,0

121,0

65 800,0

67 800,0

Трансферттер түсімдері, соның ішінде:

5 223 610,9

4 894 706,0

93,7

3 492 044,0

3 002 534,0

бюджеттік алып қоюлар

15 251,0

0,0

0,0

5 849,0

8 960,0

РБ-тен транферттер

1 577 595,1

530 463,0

33,6

481 240,0

 

ОБ-тен трансферттер

855 188,8

1 301 269,0

152,2

30 000,0

60 000,0

субвенция

2 775 576,0

3 062 974,0

110,3

2 974 955,0

2 933 574,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

6 478,6

5 149,0

79,5

0,0

0,0

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Қарыздар түсімі

9 855,5

317 487,0

32,2 есе

0,0

0,0

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

83 152,1

0,0

0,0

0,0

0,0

 

Облыстық және аудандық бюджеттердің өзара қатынастары «2020-2022 жылдарға арналған Ақмола облысының облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» облыстық мәслихат сессиясының                   2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-3 шешімімен анықталды.

Осы шешімге сәйкес аудандық бюджетке облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар жылдар бойынша: 2020 жылға - 3 062 974,0 мың теңгені, 2021 жылға - 2 974 955,0 мың теңгені, 2022 жылға - 2 933 574,0 мың теңгені құрады. Бюджеттік субвенциялар түріндегі жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері абсолюттік мәнде белгіленеді және әрбір үш жыл сайын өзгертуге жатады. Бюджеттік алып қоюлар Макинск қаласы үшін белгіленді.

 

1-диаграмма

 

 

 

 

 

 

                                                                                              2-диаграмма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыстар

2020 жылға арналған аудандық бюджеттің негізгі бағыттары ауданның дамуында бірінші кезекте тұрған мәселелерді қарастырады. Барлық бюджеттік шығыстар үш жылдық мерзімге анықталған бюджеттік бағдарламаларда белгіленген бағыттармен және индикаторлармен өзара байланысқан. Сонымен қатар, әлеуметтік саланы дамытуға арналған  негізгі шығындарды қарастыратын  әлеуметтік доминантаның  сақталғанын атап өту қажет. 

 

 

 

 

 

2-кесте

 

Функционалдық топтар бойынша шығыстар

2019 жыл

2020 жыл

өсу қарқыны,

 %

2021 жыл

2022 жыл

Барлығы (мың теңге)

6 241 609,0

6 241 779,0

100,0

4 539 534,0

4 090 587,0

01  Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

367 310,7

211 403,0

57,6

208 253,0

208 253,0

02  Қорғаныс

4 712,6

5 355,0

113,6

5 355,0

5 355,0

03  Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

1 000,0

1 000,0

100,0

1 000,0

1 000,0

04  Бiлiм беру

3 470 735,7

4 165 397,0

120,0

3 240 547,0

3 243 450,0

06  Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

378 234,6

241 363,0

63,8

132 350,0

132 350,0

07  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1 302 769,2

653 770,0

50,2

514 740,0

63 500,0

08  Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

312 935,2

253 682,0

81,1

230 570,0

230 570,0

10  Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары (бюджеттік кредиттер)

101 667,3

59 468,0

58,5

33 689,0

33 689,0

11  Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

20 588,8

71 668,0

3,5 есе

22 110,0

22 110,0

12  Көлiк және коммуникация

78 743,0

394 560,0

5 есе

13 116,0

13 116,0

13  Басқалар  (ауданның ЖАО резерві, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту және басқалары)

21 329,7

40 000,0

187,5

0,0

0,0

14  Борышқа  қызмет көрсету

5,9

541,0

91,7 есе

0,0

0,0

15 Трансферттер (ауылдық округтерге берілетін субвенциялар және басқалары)

175 097,7

138 423,0

79,0

137 804,0

137 194,0

16  Қарыздарды өтеу

6 478,6

5 149,0

79,5

0,0

0,0

 

 

Аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар

 

 

3-кесте

 

Ауылдық округтің атауы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Барлығы (мың теңге)

138 423,0

137 804,0

137 194,0

Вознесенка ауылдық округі

14 916,0

14 837,0

14 755,0

Қараөзек ауылдық округі

12 223,0

12 177,0

12 128,0

Айнакөл ауылдық округі

10 044,0

10 031,0

10 010,0

Амангелді ауыдық округі

11 992,0

11 953,0

11 911,0

Капитоновка ауылдық округі

12 033,0

11 967,0

11 868,0

Новобратск ауылдық округі

11 585,0

11 539,0

11 491,0

Никольск ауылдық округі

13 020,0

12 968,0

12 915,0

Карамышевка ауылдық округі

15 065,0

15 007,0

14 969,0

Журавлевка ауылдық округі

14 421,0

14 302,0

14 239,0

Ерголка ауылдық округі

9 852,0

9 782,0

9 699,0

Алтынды ауылдық округі

13 272,0

13 241,0

13 209,0

 

 

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 3 функционалдық топты қамтиды, олар: білім беру, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.

Жалпы алғанда, 2020 жылы әлеуметтік салаға арналған аудандық бюджеттің шығыстары жалпы шығыстар көлемінің 74,7%-ын немесе абсолюттік мәнде 4 660 442,0 мың теңгені, 2021 жылы - жалпы шығыстар көлемінің 79,4%-ын немесе 3 603 467,0 мың теңгені, 2022 жылы - жалпы шығыстар көлемінің 88,2%-ын немесе абсолюттік мәнде 3 606 370,0 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік саладағы негізгі басымдық болып азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау табылады.

 

3-диаграмма

 

 

 

Білім беру

2020 жылға «Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығыстар 4 165 397,0 мың теңге сомасында қарастырылды.

 

 

 

4-кесте

 

 

Жобалардың аталуы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

 

Барлық шығыстар (мың теңге)

110 000,0

0,0

0,0

 

Алтынды ауылындағы Алтынды орта мектебінің С блогын реконструкциялау және қазандығын салу (ОБ трансферттер)

 110 000,0

 

 

 

 

Білім беруді дамыту саласында 2020 жылға қарастырылды:

- республикалық бюджеттің есебінен:

20 240,0 мың теңге - мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

3 488,0 мың теңге - мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

70 000,0 мың теңге - орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;

240 040,0 мың теңге - мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

90 936,0 мың теңге - мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

- облыстық бюджеттің есебінен:

5 889,0 мың теңге - мектептерде IT-сыныптарды ашуға;

15 147,0 мың теңге - аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге;

13 378,0 мың теңге - 1-сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге;

20 311,0 мың теңге - аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп оқушыларын мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге;

2 538,0 мың теңге - «Денсаулық пен тіршілік дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» бағдарламасын енгізуге;

19 560,0 мың теңге - мектептерге компьютерлерді сатып алуға;

3 872,0 мың теңге - робототехника кабинеттерді сатып алуға;

13 894,0 мың теңге - ресурстық орталықтарды жарақтандыруға;

6 595,0 мың теңге - мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлердің 42 күнтізбелік күнге ұзақтығы                   56 күнге дейін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұлғайтуға;

223 400,0 мың теңге - жаңартылған білім беру мазмұн жағдайында бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге;

2 024,0 мың теңге - мектеп педагог-психологтарына лауазымдық жалақысы мөлшерін ұлғайтуға;

2 200,0 мың теңге – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны үшін қосымша ақы төлеуге;

1 758,0 мың теңге - магистр дәрежесі бар мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге;

22 253,0 мың теңге - жас мұғалімдерге тәлімгерлік үшін мұғалімдерге  қосымша ақы төлеуге;

7 735,0 мың теңге - бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сынып жетекшілігі үшін қосымша ақыны ұлғайтуға;

5 233,0 мың теңге - бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне дәптер мен жазба жұмыстарын тексергені  үшін қосымша ақы төлеуге;

- аудандық бюджеттің есебінен:

2 542 958,0 мың теңге - жалпы білім беруге (шығыстар Отрадное ауылында орналасқан шағын орталықтың, 18 орта, 7 негізгі, 9 бастауыш мектептерінің, сондай-ақ кешкі мектептің жұмыс істеулері үшін жұмсалады);

59 227,0 мың теңге – ауданның мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алуға және жеткізуге;

86 675,0 мың теңге - балаларға қосымша білім беруге (шығыстар Макинка балалар музыкалық мектебінің, Макинка балалар шығармашылық үйінің жұмыс істеулері үшін жұмсалады);

146 814,0 мың теңге - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге (шығыстар Айгөлек, Солнышко, Снежинка балабақшаларының жұмыс істеулері үшін жұмсалады);

27 040,0 мың теңге – жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлеміне;

28 529,0 мың теңге – кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға (шығыстар Макинка оқу-өндірістік комбинатының жұмыс істеуі үшін жұмсалады);

398,0 мың теңге – жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдерге;

358 656,0 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға (шығыстар Балдырған, Балдәурен, Айналайын, Бота балабақшаларының, 19 мектеп жанындағы шағын орталықтардың жұмыс істеулері үшін жұмсалады);

14 609,0 мың теңге – жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге.

 

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

2020 жылға «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша шығыстар 241 363,0 мың теңге, 2021 жылға - 132 350,0 мың теңге, 2022 жылға - 132 350,0 мың теңге сомасында қарастырылды.

 

 

 

5-кесте

 

 

Атауы

2020 жыл

2021

жыл

2022 жыл

 

Барлық шығыстар (мың теңге)

241 363,0

132 350,0

132 350,0

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

28 640,0

28 640,0

28 640,0

Жұмыспен қамту бағдарламасы

53 426,0

17 828,0

17 828,0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

42 547,0

11 870,0

11 870,0

Тұрғын үйге көмек көрсету

300,0

300,0

300,0

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

33 661,0

30 561,0

30 561,0

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

706,0

706,0

706,0

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

502,0

502,0

502,0

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

32 091,0

18 540,0

18 540,0

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну

12 923,0

12 923,0

12 923,0

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

8 084,0

2 754,0

2 754,0

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту

14 086,0

 

 

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу

7 726,0

7 726,0

7 726,0

Мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

6 671,0

 

 

 

Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге 35 799,0 мың теңге жоспарланды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінді:

10 213,0 мың теңге – жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына (ӘЖО 20 адамды, жастар практикасына 15 адамды жолдау жоспарланды);

10 604,0 мың теңге – NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге  жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар (100 АЕК мөлшерінде                      20 грант, 200 АЕК мөлшерінде 10 грант беру жоспарланды);

11 585,0 мың теңге – қыска мерзімдік кәсіби оқытуды іске асыруға (қысқа мерзімді курстарға 55 адамды жіберу жоспарланды);

2 047,0 мың теңге – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға және қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге;

1 149,0 мың теңге – қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша демеу-қаржы шығындарын өтеуге                         (2 отбасыға субсидия беру жоспарланды).

Осыдан басқа, жоғары тұрған бюджеттерден келесі мақсаттарға қаражат бөлінді:

24 360,0 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

6 317,0 мың теңге – балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке;

5 330,0 мың теңге – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

10 270,0 мың теңге – мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға;

784,0 мың теңге – ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге;

3 032,0 мың теңге – техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге;

3 100,0 мың теңге – көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасылардың балаларына жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз етуге;

13 551,0 мың теңге – Халықты жұмыспен қамту орталықтарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге.

Аудандық бюджеттің есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге және әлеуметтік қамсыздандыруға 132 350,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде 30 561,0 мың теңге аудандық мәслихаттың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтары үшін қарастырылды (онкологиялық ауруы барлар, туберкулезбен ауыратындар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар; орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылар; табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккен азаматтар; ҰОС қатысушылары және мүгедектері, оларға теңелгендер, кәрі жастағы тұлғалар, барлық категориядағы мүгедектер, ауған жауынгерлері).

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына                         2020-2022 жылдарға 714 822,0 мың теңге қарастырылды (2020 жылы – 253 682,0 мың теңге, 2021 жылы – 230 570,0 мың теңге, 2022 жылы – 230 570,0 мың теңге).

Бұл қаражат мәдени-демалыс жұмысын қолдауға, кітапханаларды күтіп ұстауға, тіл саясатын, жастар саясатын іске асыруға, аудандық маңызы бар спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге және басқаларына жұмсалады.

 

 

 

 

6-кесте

 

 

Атауы

2020 жыл

2021

жыл

2022 жыл

 

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау (соның ішінде аудандық және ауылдық мәдениет үйлерін, ауылдық клубтарды күтіп ұстауға)

112 431,0

102 344,0

102 344,0

 

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

74 116,0

63 291,0

63 291,0

 

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының  басқа да тілдерін дамыту (соның ішінде Тілдерді оқыту орталығын күтіп ұстауға)

9 776,0

9 776,0

9 776,0

 

Жастар саясаты саласында іс-шараларды iске асыру (Жастар ресурстық орталығын күтіп ұстауға)

14 046,0

14 046,0

14 046,0

 

Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

1 500,0

1 500,0

1 500,0

 

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

5 283,0

5 283,0

5 283,0

 

 

Жас мамандарды әлеуметтік қолдау бойынша шаралар

Бұланды ауданында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары іске асырылады.

Аудандық және облыстық бюджеттер есебінен (7 113,0 мың теңге) айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшері немесе 265 100 теңге шегінде (2 651 теңге * 100 = 265 100 теңге) көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған. Республикалық бюджет есебінен (11 930,0 мың теңге) айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері (3 976 500 теңгеге дейін) шегінде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредиттер беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

7-кесте

 

Атауы

Көтерме жәрдемақы

 

Бюджеттік кредиттер

 

2019 жыл

2020 жыл

2019 жыл

2020 жыл

саны, адам

сома, мың теңге

саны, адам

сома, мың теңге

саны, адам

сома, мың теңге

саны, адам

сома, мың теңге

Барлығы, мың теңге:

19

3 964,3

21

5 567,0

3

9 855,5

3

11 930,0

білім беру мамандары

14

2 929,0

 

 

2

6 840,5

 

 

денсаулық сақтау мамандары

 

 

 

 

1

3 015,0

 

 

әлеуметтік қамсыздандыру мамандары

5

1 035,3

 

 

 

 

 

 

                       

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2020 жылға «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша шығыстар 653 770,0 мың теңге сомасында қарастырылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы негізгі стратегиялық бағыттар ретінде сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін дамыту, үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту белгіленді.

 

        

 

8-кесте

 

 

Жобалардың аталуы

2020 жыл

2021

жыл

2022 жыл

 

Барлық шығыстар (мың теңге)

646 070,0

511 240,0

60 000,0

 

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Карьерная көшесі, № 14А мекен-жайы бойынша көп пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысы (РБ трансферттер)

 

187 127,0 

 

 

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы,               З. Космодемьянская көшесі, № 3А мекен-жайы бойынша көп пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысы (2 позиция) (РБ трансферттер)

 

282 739,0 

 

 

«Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Бөгенбай көшесі 25А, 25Б мекен-жайы бойынша: екі 45-пәтерлі тұрғын үй құрылысы (Бөгенбай көшесі 25А). Түзету» жұмыс жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізу

250,0 

 

 

 

«Макинск қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде көп пәтерлі бес қабатты тұрғын үй құрылысы (1 позиция)» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу (ОБ трансферттер)

5 700,0 

10 000,0 

20 000,0 

 

«Макинск қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде көп пәтерлі бес қабатты тұрғын үй құрылысы (2 позиция)» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу (ОБ трансферттер)

5 700,0 

10 000,0 

20 000,0 

 

«Макинск қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде көп пәтерлі бес қабатты тұрғын үй құрылысы (3 позиция)» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу (ОБ трансферттер)

5 700,0 

10 000,0 

20 000,0 

 

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Бөгенбай көшесі 25А, 25Б мекен-жайы бойынша: екі 45-пәтерлі тұрғын үй құрылысы (Бөгенбай көшесі 25Б) (ОБ қарыздар)

305 557,0 

 

 

 

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Космодемьянская көшесі мекен-жайы бойынша екі көп пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілердің құрылысы және абаттандыру (электрмен жабдықтау және сметалық құжаттама) (РБ трансферттер)

12 763,0 

 

 

 

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Карьерная көшесі мекен-жайы бойынша 40 пәтерлі                         5 қабатты тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілердің құрылысы және абаттандыру (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз) (РБ трансферттер)

 

11 374,0 

 

 

Макинск қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде модульдік қазандық және жылу желілерін салу (4 учаске) (ОБ трансферттер)

200 000,0 

 

 

 

Бұланды ауданы Макинск қаласында 2 блоктық-модульдік қазандықтардың құрылысы (ОБ трансферттер)

100 000,0 

 

 

 

«Макинск қ. және Ақмола облысы, Бұланды ауданындағы құс фабрикасының өндірістік алаңдарынан сарқынды суларды ағызу үшін буландырғыш тоғаның құрылысы» объектісі бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу

400,0 

 

 

 

«Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Никольск ауылында су құбыры желілерінің құрылысы» объектісі бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу мен ЖСҚ әзірлеу

10 000,0 

 

 

 

        

Осыдан басқа, аудандық бюджете 4 200,0 мың теңге коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алуға, 3 500,0 мың теңге – елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға қарастырылды.

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Үш жылдық мерзімге «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша шығыстар                       126 846,0 мың теңге, соның ішінде 2020 жылы – 59 468,0 мың теңге,                      2021 жылы – 33 689,0 мың теңге, 2022 жылы – 33 689,0 мың теңге сомасында қарастырылды. Бөлінген қаражат ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария бөлімдерінің жұмыс істеулерін қамтамасыз етуге, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларына, сондай-ақ ауданның, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдардың шекараларын белгілеу кезінде жүргізілетін жерге орналастыруға бағытталады (Қараөзек және Никольск ауылдық округтері).

 

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

2020 жылға «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобы бойынша шығыстар 71 668,0 мың теңге сомасында қарастырылды, олар құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталады.

 

 

 

9-кесте

 

 

Жобалардың аталуы

2020 жыл

2021

жыл

2022 жыл

 

Барлық шығыстар (мың теңге)

49 558,0

0,0

0,0

 

Макинск қаласының тегжейлі жоспар жобасымен бас жоспарын түзету (ОБ трансферттер)

36 927,0

 

 

 

Капитоновка ауылының даму және құрылыс салу схемаларын әзірлеу (ОБ трансферттер)

6 500,0

 

 

 

Никольск ауылының даму және құрылыс салу схемаларын әзірлеу (ОБ трансферттер)

6 131,0

 

 

 

Көлік және коммуникация

2020 жылға «Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша шығыстар 394 560,0 мың теңге сомасында қарастырылды, соның ішінде 13 116,0 мың теңге әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға жұмсалады. Көлік инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджеттің есебінен 381 444,0 мың теңге қарастырылды, соның ішінде:

         261 444,0 мың теңге – Макинск қаласының автомобиль жолдарының көше-жол желісін орташа жөндеуге;

         50 000,0 мың теңге – Алтынды ауылының кірме жолын ағымдағы жөндеуге;

         70 000,0 мың теңге – Алтынды ауылының кентішілік жолдарын ағымдағы жөндеуге.

 

Басқалар

         2020 жылға «Басқалар» функционалдық тобы бойынша шығыстар                   40 000,0 мың теңге сомасында қарастырылды, соның ішінде ауданның жергілікті атқарушы органының резерві, «Макинск Жылу» ШЖҚ МКК жарғылық капиталын ұлғайту.

 

  • Аудандық бюджеттің тапшылығы (профициті)

 

Аудандық бюджеттің тапшылығы 312 338,0 мың теңгені құрады.

Дата публикации
04 июня 2020