Аудан аумағында «Amanat» партиясының Бұланды аудандық филиалы саяси партиясы және «Жастар рухы» жастар қанаты жұмыс істейді.
Бұланды ауданында 2 казак бірлестігі – «Ақмола казак қоғамы» ҚБ, «Дала өлкесінің казактар одағы» ҚБ Бұланды филиалы жұмыс істейді.
Бұланды ауданының конфессиялық саласы мұсылман және христиан бағыттарындағы діни бірлестіктермен ұсынылған.
Ауданда діни жағдай дамуының жалпы жағдайы қолайлы деп сипатталады. Діни нысандар 6, оның ішінде 1 мешті, 2 православ шіркеуі, 1 католик шіркеуі, 2 протестант дұға үйі.
Миссионерлік қызметті 4 миссионер жүргізеді: Польшадан 3 адам, Қазақстан азаматы - 1.
Ауданда 1 баспа басылымы тіркелген – «Bulandy aqparat» газеті мемлекеттік және орыс тілдерінде. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс сомасы 8 млн. 190 мың теңгені құрайды.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және танымал ету мақсатында Бұланды ауданында ауқымды іс-шаралар өткізіледі: мемлекеттік және ұлттық мерекелер қарсаңында аудандық деңгейдегі салтанатты жиындар.
Бұланды ауданы әкімінің жанынан қоғамдық келісім Кеңестері жұмыс істейді. Құрамына 84 адам, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері кіреді.
Бұланды ауданы бойынша түрлі ақпараттық бағыттағы баннерлері бар 5 металл конструкциялары орналастырылды.