Бұланды ауданы Ерголка және Карамышевка ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022  жылғы «27» қыркүйектегі шешіміне сәйкес, 2022  жылғы «25» қыркүйекте сайланған Бұланды ауданы Ерголка және Карамышевка ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

Ақмола облысы Бұланды ауданы Ерголка ауылдық округінің әкімі болып Мейрамбай Арғынұлы Каниев, 1989 ж.т., «Бұланды ауданының жастар ресурстық орталығының»   директоры, Макинск қаласының тұрғыны тіркелді.

Ақмола облысы Бұланды ауданы Карамышевка ауылдық округінің әкімі болып Сәуле Дәуренбекқызы Даниева, 1974 ж.т., «Бұланды ауданы Карамышевка ауылдық округі әкімінің аппаратының» әкімі, Карамышевка ауылдық округі Шұбарағаш ауылының тұрғыны тіркелді.

 

Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 сентября 2022