25 қыркүйекте Бұланды ауданы ауылдық округтерінің әкімін сайлау екі сайлау округтері бойынша өтті.
Бұланды ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауының қорытындысын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14 бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 және 113-10 бабтарына, учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беру нәтижесі туралы хаттамалары негізінде Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы анықтады:
Ерголка ауылдық округі
Ерголка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
сайлаушылар саны 882 азамат, оның ішінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны – 688. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны – 15, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдерінің саны - 51.
Кандидаттарға берілген дауыстар:
Каниев М.А. – 567; Қарасартова Ә.К. – 55.
Мейрамбай Арғынұлы Каниев, 1989 ж.т., өзін-өзі ұсынушы, «Бұланды ауданының жастар ресурстық орталығының» директоры, Макинск қаласының тұрғыны, Ақмола облысы Бұланды ауданы Ерголка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Карамышевка сайлау округі
Карамышевка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
сайлаушылар саны 593 азамат, оның ішінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны – 495. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны – 3, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдерінің саны – 34.
Кандидаттарға берілген дауыстар:
Даниева С.Д. – 373; Жусупова А.К. – 85.
Сәуле Дәуренбекқызы Даниева, 1974 ж.т., өзін-өзі ұсынушы, «Бұланды ауданы Карамышевка ауылдық округі әкімінің аппаратының» әкімі, Карамышевка ауылдық округі Шұбарағаш ауылының тұрғыны, Ақмола облысы Бұланды ауданы Карамышевка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 45-бабына Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы «27» қыркүйектегі шешіміне сәйкес сайланған ауылдық округтердің әкімдері тіркелді.
Бұланды аудандық аймақтық сайлау комиссиясы