«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі

«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен (бұдан әрі Бөлім) 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 8 қызмет азаматтық хал актілерін тіркеу.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1819 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1137 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 408 электрондық үкімет порталы арқылы, 274 мемлекеттік органда, оның ішінде 15 мамырдан бастап бөлімде «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» қызметі көрсетіледі, осы кезеңде 164 қызмет қабылданды.

         Жыл басынан бері АХАЖ ақпараттық жүйесінде 153071 акт жазбалары мәліметтерін өзектендіру жүргізілді.

 «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында құрамында учаскелік полицейлер, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар 12 жедел әрекет ету тобы құрылды. Есепті кезеңде жедел әрекет ету тобы өмірлік қиын жағдайға тап болған отыз отбасына барды, сондай-ақ туберкулез ауруы бойынша әлеуметтік көмек алатын адамдардың отбасылары (он жеті отбасы) ерекше бақылауға алынды.

         Бөлім жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын азаматтарды қамтитын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлейді, оның ішінде өткен кезеңде 279 онкологиялық, 17 туберкулез ауруларымен ауыратындар, 13 АИТВ жұқтырғандар әлеуметтік көмек алды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған 6 азамат, табиғи апаттан зардап шеккен 1 отбасы әлеуметтік көмек алды, 361 көп балалы отбасы тоқсан сайын көп балалы аналардың жеңілдікпен жол жүруіне талондар алады, мерекелік күндерге төлемдер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 1 қатысушысына, 74 тыл еңбеккеріне, 48 интернационалист жауынгерге жасалынды, сондай-ақ қарттар мен мүгедек адамдарды қолдау айлығын өткізу кезеңінде 1300 мүгедектігі бар адамға және ең төменгі зейнетақысы бар 700 зейнеткерге төлемдер жоспарланып отыр.

Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін педагогтарға отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек төленді, биыл 522 педагогке ақы төлеу жоспарлануда.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі: 230 адам атаулы әлеуметтік көмек алды, 31 адам тұрғын үй көмегін алды, 11 мүгедек бала ай сайын үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға қарастырылған жәрдемақы алады.

2021 жылдан бастап гигиеналық құралдарды, жүріп-тұру құралдарын, санаторийлік-курорттық емдеуді алуға, сурдо, тифло құралдарын алуға тапсырыстарды ресімдеу әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүргізіледі, тапсырыстарды рәсімдеуде тұрақты негізде бөлімнің мамандары көмек көрсетеді, ОЖБ-ның орындалуына мониторинг жүргізіледі, жыл басынан бері 600-ден астам тапсырыс орындалды.

Кейбір үдерістерді реинжинирингтеу үшін, атап айтқанда халықтың әлеуметтік осал топтарының атаулы әлеуметтік көмек алуы үшін отбасының цифрлық картасын (ОЦК) толтыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

         Үкіметтік емес ұйымдар арқылы жалғыз тұратын 8 қарт адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарды орналастыратын Дағдарыс орталығы жұмыс істейді.            

Бөлім міндеттеріне босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға жәрдемдесу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимылын үйлестіру кіретін қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның қызметінде; негізгі міндеті «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2015 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда көзделген міндеттемелерді орындау болып табылатын мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің қызметінде; функциясына ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардан жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы жасалған ұжымдық шарттар мен шарттардың мониторингі кіретін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның қызметінде және т. б. жұмыс органы болып табылады.

Дата публикации
13 сентября 2022