«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7-тармағына, 6-бабының 2-тармағына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Бұланды ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері мен тізбесі осы қаулының қосымшаға сәйкес бекітілсін.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Ерсейітов