«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы №76/23 «Бұланды ауданының Ерголка және Карамышевка ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес, Ерголка ауылдық округі аумағының шекарасында – Ерголка ауылдық округінің әкімін сайлау үшін Ерголка сайлау округі және Карамышевка ауылдық округі аумағының шекарасында – Карамышевка ауылдық округінің әкімін сайлау үшін Карамышевка сайлау округі құрылғаны туралы, сонымен қатар Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Орналасқан жері: Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19, 224 кабинет, тел.: 8 (71646) 2-24-94.
Комиссия төрайымы – Бақыт Шамкенқызы Тасылбекова;
төрайымның орынбасары – Надежда Николаевна Ларионова;
хатшы – Света Жантөреқызы Сайманбаева;
комиссия мүшелері: Қуат Талғатұлы Әлимов; Дамира Мухаметрашидқызы Алпысбаева; Дарагүл Алпысбайқызы Жатаева; Бибігүл Айтжанқызы Сыздықова.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы