Осы мақала басқа даманың қоластында жұмыс істегісі келмей, «Қалай бизнесмен болу керек?» деген сұрақты өзіне жиі қойып, неден бастарын білмейтін адамдар үшін жазылған.
Жетектегеннен жетекшіге
Тек басшылық қабілеті бар адам ғана бизнесмен бола алады деген пікір бар. Бұл пікір дұрыс, бірақ толығымен емес, себебі мұнда көптеген психологиялық факторлар есепке алынбайды, ал бізге белгілісі, адам кез келген жағдайлардың әсерінен өте қатты өзгеріп кетуі мүмкін. Қазіргі кезде кез келген адам бизнесмен бола алатындықтан, біздің бірінші кеңесіміз – бизнесмен болу туралы шешім қабылдаңыз! Егер бизнесмен болу үшін не қажет екені туралы көп ойлана берсе, орыннан қозғалмай қалуға да болады. Ең алдымен батыл қадам жасап, тіркеуден өтіңіз, бұл жолдың басы болады.
Тағы бір кеңес: бизнесті жоспарлау – сәттіліңтің кепілі емес. Бүгінгі таңда бәрі бизнесті содан бастауға кеңес береді, бірақ шынайы көзбен қарағанда, болашақ даму жоспарын құру өте қиын және көп уақыт алатын іс екенін, ал мамандардың қызметтері өте қымбат тұратыны түсінесіз. Бизнес ті жоспарлау жиі шығынның 10 жылдан кейінгі өтелуі, пайдасыздық, шығындар сияқты жағымсыз нәтижелерге алып келеді. Біз тек қана жақсы болашақ қызметтің жалпы бағыттары көрінентін бизнес-идеяны қолдаймыз. Бизнес жоспары сізге тек банк несиесін алатын жағдайда керек болады.
Қалай табысты бизнесмен болу керек жайында әңгімелерде жиі бастаулық капиталдың міндетті түрде болуы айтылады. Біз кері жақтан бастауға кеңес береміз. Бүгін бизнесті қаражатсыз да бастауға болады. Ақша қарызға алуға немесе несие алуға асықпаңыз. Бұларды бизнесіңіз пайда әкеле бастағанда, және оны кеңейтуге шешім қабылдағанда да істеуге болады. Осылай сіз өзіңізді айыппұлдық ықпалшарлардан және толығымен кедейленуден сақтайсыз. Дереу корпорация құрудың қажеті жоқ, кішкене, бірақ нық қадамдармен өз мақсатыңызға жылжыңыз. Танымал миллионерлер дәл осылай істеген, сондықтан да жақсы бизнесмен болуды солардан үйрену қажет.
Бәсекелестіктен қорықпаңыз! Өйткені дәл сол бәсекелестік жаңа біртума шешімдерге негіз бола отырып, тұрақты дамуға итермелейді. Жетілдіруге ынта болмай, қатал бәсекелестік жағдайында табысты бизнесмен көбірек ықтимал. Өз өңіріңізде бар тауарларды ұсынатын дүкен ашқыныз келе ме? Ашыңыз, бірақ өз тұтынушыларыңызға бәсекелестеріңіз ұсына алмайтын нәрсе ұсыныңыз, сонда сіз мақсатты аудиторияны қызықтырасыз.
Ақшасы көп адам бай емес, ақшаны аз жұмсайтын адам бай
Егер сіз өзіңізге сенімді түрде «бизнесмен болғым келеді» деп айта алсаңыз және әрекет жасай бастасаңыз, тағы біраз кеңестерге құлақ түріңіз. Қателік жасаудан қорықпаңыз. Көптеген жаңалықтар алдында мыңдаған қателер жіберілген, ал кейбір ашылулар есептеудегі қатенің дәл өзі болып табылады. Басқалардың сәтсіздігін қайталамаңыз, бірақ өз сәтсіздіктеріңізден қорықпаңыз, бұл болашақтағы сәттіліктің құрамдас бөлігі.
Есте саөқтаңыз: тұрақтылық ұтылуға алып келеді, нарықтағы икемділік жеңіске алып келеді. Нарықты зерттеңіз, онымен бірге өзгеріңіз, оған икемделіңіз және алда шыққан мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Бәрінен айрылғаннан да аздап пайдадан айрылған дұрыс, себебі жақсы бизнесмен болу деген сөз әрқашан биіктен көріну деген емес.
Үнемділік әрқашан жемістілікке жетектейді. Фирманың табысы және сіздің жеке қаражатыңыз – бөлек қаржы көздері. Бар қаражатты жұмсамай, жеке шығындарыңызды азайтыңыз да, қаражатты істі дамытуға жұмсаңыз. Ақша қоры сізге қиын форс-мажорлық жағдайларда фирма ахуалын жақсы күйде ұстап қалуға және жеке ауқаттылығыңызды қамтамасыз етуге көмектеседі.
Қазіргі таңда көптеген адамдар бизнесмен болғысы келеді, бірақ шын мәнінде қалай бизнесмен болуды, оның ішінде табысты бизнесмен болуды оқып, үйрену керек. Жол шағын қадамдардан тұрады. Алғашқы қадамды жасау ең қорқыныштысы, себебі нағыз бизнесмен сабырлылық, жауапкершілік танытып, өз күшіне сенімді болуы керек.
Тағы біраз кеңестер: