«Іскерлік байланыстар» жобасы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі – «Даму» Қоры) экономиканың басым секторларында (тізімі қосылған) қызметтерін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес (одан әрі – ШОБ) кәсіпорындарының жоғары және орта буын басқарушыларын жоғары білікті қазақстандық және шетелдік тренерлердің басшылығымен өткізілетін бизнес-тренингтерден ақысыз[1]1 өтуге, сонымен қатар содан кейінгі Германияда 4-апталық тағылымдамадан өтумүмкіндігін алуға шақырады.

«Іскерлік байланыстар» жобасы «Даму» Қорымен 2011 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының аясында іске асырылып келеді. Жобаның мақсаты шетелдік компаниялармен іскерлік байланыстар орнату және ынтымақтастықты жақсарту жолымен қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуетін арттыру болып табылады. Жоба екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде кәсіпкерлер білікті отандық және шетелдік бизнес-тренерлердің және кеңесшілердің басшылығымен болатын үш апталық бизнес-тренингтерден өтеді. Оқыту бизнесті жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін меңгеруге, тиімді бизнес-жоспарлар жазуға, шетелдерден іскер серіктестер іздестіруге, шетелдік кәсіпкерлермен іскерлік байланыстар орнату дағдыларын дамытуға бағытталған.  

Оқыту 2015 жылдың 6 сәуірінен бастап 30 қазан аралығында Астана, Алматы, Ақтау, Қостанай, Талдықорған, Өскемен және Шымкент қалаларында өтетін болады.  

Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылар бітіру тапсырмаларын (әзірленген бизнес-жоспарларын) қорғайды және курстарды табысты аяқтағаны жөніндегі сертификат алады. Сертификат алған қатысушылар жобаның екінші кезеңіне конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Қатысушыларды тағылымдамадан өтуге іріктеу қазақстан-герман комиссиясымен жүзеге асырылады, әңгімелесудің барысында комиссия кәсіпкерлерді тағылымдамадан өткізудің нақты мақсаттарын айқындайды, олардың жобалық тапсырмаларын бағалайды және конкурстық құжаттамаға талдау жасайды.

Екінші кезеңде конкурстық іріктеуден өткен кәсіпкерлердің Германияның кәсіпорындарында тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өту, нақты басқару мәселелерін меңгеру, технологиялар трансферті мәселелері бойынша жеке іскерлік байланыстар орнату, жабдықтар сатып алу, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу, Франшизаларды сатып алу, бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін ала алады.  

«Даму» Қорының 2015 жылдағы шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі Серіктесі Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) болып табылады.

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға толтырылған өтінімді «Даму» Қорының өңірлік филиалдарына жіберу қажет.

Жоба туралы барынша егжей-тегжейлі ақпаратты және өтінім үлгісін «Даму» Қорының сайтынан табуға болады: www.damu.kz/7415.

Қатысушылар тек қанатренингтерөткізілетінжергедейінгіжолақысынакеткенжәнетұрғанжерінекеткеншығындардыкөтереді. Тағылымдамағабарғанкездеқатысушылар тек қанаҚазақстаннаншетелгеұшыпшыққанжерінедейінгікөліктікшығындардыкөтереді.

Дата публикации
17 мая 2020