«Аға сеньорлар» проекті

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі – «Даму» Қоры) экономиканың басым секторларында (тізімі қосылған) қызметтерін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басқарушыларын қызметкерлер құрамын оқыту және бизнесті жүргізу бойынша туындайтын мәселелерді шешудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында техникалық және ұйымдастыру сипатындағы мәселелерді шешу кезінде тәжірибелік көмек көрсету үшін шетелдік сарапшыны кәсіпорынға ақысыз[1] тартуға шақырады.

«Аға сеньорлар» компоненті «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының (одан әрі – Бағдарлама) 4-бағытының аясында жүзеге асырылады, ол Аға сеньорлардың білімі мен тәжірибесін пайдалану арқылы шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға жәрдемдесу жөніндегі олардың міндеттерімен сәйкес, Аға сеньорлардың қызметін үйлестіретін халықаралық және шетелдік ұйымдарман ынтымақтастықта кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған.  

Кеңес беру бағдарламасына Аға сеньордың бағдарлама Қатысушысымен тікелей кәсіпорын аумағында кездесуі, сонымен қатар Бағдарламаға қатысушылармен толтырылған өтінімдерді талдаудың негізінде әзірленген тәжірибелік ұсыныстардың сарапшымен ұсынылуы кіреді. Сондай-ақ сарапшылық көмек көрсетудің аясында кәсіпкерлерге арналған семинарлар өткізу қарастырылған.

«Аға сеньорлар» компонентін іске асырудың негізгі мақсаттары болып табылады:

  • Шетелдік сарапшылар тарапынан консультациялық-менторлық қызметтер алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қазақстандық кәсіпкерлердің кәсіби және білімдік деңгейлерін көтеру;
  • Қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды жолға қою.

Сондай-ақ «Аға сеньорлар» компонентін іске асыру келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • Ірі шетелдік компанияларда жұмыс істеген сарапшылардың тәжірибесі мен білімінің көмегімен салалық ерекшеліктерді есепке ала отырып, кәсіпкерлердің құзыретін көтеру;
  • Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын және қызметкерлер құрамын оқытуды енгізу;
  • Сарапшылардың кеңестерін алған кәсіпорындардың бизнес-жобаларын қаржыландыру кезіндегі тәуекелдерді төмендету.  

«Аға сеньорлар» компонентіне қатысуға толтырылған өтінімді «Даму» Қорының өңірлік филиалдарына жіберу қажет.

Барынша егжей-тегжейлі ақпаратты және өтінім үлгісін «Даму» Қорының сайтынан табуға болады: www.damu.kz/6615.

[1] Қатысушылар тек қана елдің ішіндегі жол ақысына, тұрған жеріне, тамақтануына кеткен шығындарды, сонымен қатар тәуліктік шығындарды, аудармашының қызметін төлейді.

Дата публикации
17 мая 2020