Жоба
Бұланды ауданы бойынша жергілікті
қоғамдастық жиналысының
регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Бұланды аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы Желтов Г.А.
Бұланды аудандық
мәслихатының хатшысы Ш.Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданы әкімінің
___________ Ж.Нұркенов
«___»____________2018 жыл
Бұланды аудандық
мәслихатының
2018 жылғы _________
№___ шешімімен бекітілді
Бұланды ауданының елді мекендерінің аймағында және Макинск қаласында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Макинск қаласы, ауылдық және селолық округі әкімі аппараттарының бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Макинск қаласы, ауылдық және селолық округі әкімі аппаратының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі шешімдерін келісімдеу;
бюджеттің орындалуын мониторингілеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
Бұланды аудандық мәслихатына одан әрі өзгеріс енгізу үшін және Макинск қаласы, ауылдық және селолық округтері әкімдерінің сайлауын өткіздіру үшін Макинск қаласы, ауылдық және селолық округтері бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Макинск қаласы, ауылдық және селолық округтердің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісімдеу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Макинск қаласы, ауылдық және селолық округтері әкімін сайлауды өткізуге Бұланды аудандық мәслихатына одан әрі ұсыну үшін Макинск қаласы, ауылдық және селолық округ әкімінің қызметіне Бұланды ауданы әкімі ұсынған кандидатураларды келісімдеу;
Макинск қаласы, ауылдық және селолық округі әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, Макинск қаласы, ауылдық және селолық округі әкіміне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Макинск қаласы, ауылдық және селолық округінің әкімі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
Макинск қаласы, ауылдық және селолық округтерінің әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және Макинск қаласы, ауылдық және селолық округінің әкіміне жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.
Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетіліп шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.
Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі
Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізімі;
4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде Макинск қаласы,ауылдық және селолық округтерінің әкімдеріне беріледі.
Макинск қаласы, ауылдық және селолық округі әкімдері жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.
Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.
4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау
Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Бұланды ауданының әкімі алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.