2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Бұланды ауданы ауылдық және Макинск қаласы әкімдерінің 44 есеп беру кездесуі өткізілді. Есеп беру кездесулерінде барлығы 27 ұсыныс енгізілді. Оның ішінде 22 ұсынысқа түсіндірме беріп, 5 ұсыныс бақылауға қойылды.
Есеп беру кездесулерінің өткізілу қорытындылары бойынша «2020 жылғы қаңтар және ақпан айларында аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Бұланды ауданы әкімінің өкімі шығарылды.
Аудандық іс-шаралар жоспарына 5 өзекті ұсыныс енгізілді:
- «Никольское ауылдық округы, Никольское ауылындағы су құбырын жөндеу» 2020 жылғы 1 қазанға дейін, аудандық бюджет.
Аудандық бюджеттен жобалық сметалық құжаттаманы дайындауға 10 млн.теңге бөлінді. Қазіргі кезде конкурстық процедуралар аяқталуда.
- «Айнакөл ауылдық округінің Мат өзені арқылы өтетін қираған көпірді жөндеу» 2020 жылғы 1 қарашаға дейін, облыстық бюджет.
«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобилдік жолдар басқармасы» ММ-сімен қаржы бөлуге тапсырыс берілді, қаржылар берілгеннен кейін конкурс жарияланатын болады.
- «Амангелді ауылдық округы, Партизанка ауылында фельдшерлік- акушерлік пункт құрылысын салу», 2020 жылғы 1 қарашаға дейін, облыстық бюджет.
2020-2025 жылдарға арналған Бірыңғай жоспарға енгізуге тапсырыс берілді. Қосымша облыстық денсаулық сақтау басқармасына хат дайындалуда.
- «Вознесенка ауылдық округы, Вознесенка ауылдағы апатты көпірді жөндеу», 2020 жылғы 1 қазанға дейін, облыстық бюджет.
Бүгінгі күні көпірді техникалық тексерудің мерзімі өтіп кеткен. Аудан әкімдігімен қайтадан тексеру бойынша мәселе қарастырылуда. Техникалық тексеруді алғаннан кейін, жоғарғы органдарға қаржы бөліп беруге бюджеттік тапсырыс жолданады.
-«Капитоновка ауылдық округы, Капитоновка ауылындағы су құбырын жөндеу», 2020 жылғы 1 қарашаға дейін, облыстық бюджет
Қазіргі кезде, республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 511384 мың теңге, жергілікті бюджеттен 86935,3 мың тенге бөлінді. 2020 жылы 3 ақпанда «Ақмола облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасына» процедуралық жұмыс жүргізу үшін хат жолданды.