«Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету мүмкіндігі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Ақмола филиалының баспасөз-қызметітаратады.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғанкөп балалы аналарға мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жетілдіру мақсатында, 2019 жылы мемлекеттік қызметті проактивті түрде көрсету іске қосылды. Аталған қызмет алушының өтінішінсіз, 1414 қысқа нөмерден келген SMS –хабарламалардың жауаптары арқылы көрсетіледі.
Мобильді азаматтар қорында тіркелген, «Мемлекеттік наградалар» ақпараттық жүйеден марапатталу мәліметті келеді.Тіл тандау мүмкіндігімен төлемді тағайындау үшін ұялы телефонға SMS –хабарлама сұрау салу түрінде келеді.
Жауапты алғаннан кейін қызмет алушыға банкілік шотты растау туралы(дерекқорда болған жағдайда) келесі SMS –хабарлама келеді және банктік шотын ұсыну (дерекқорда болмаған жағдайда). Мемлекеттік қызметті көрсету үшін басқа қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.
Қызмет алушының банкілік шотын тексерудің оң нәтижесі жағдайында «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталғанкөп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау проактивті қызметке өтінім «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне бағытталады .Мемлекеттік жәрдемақы тағайындалғаннан кейін қызмет алушыға төлемді тағайындалған соммалары туралы хабарлама абоненттік нөміріне келеді.
Осылайша, мобильді азаматтар қорында тіркелу жоғарыда көрсетілген қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай алуына мүмкіндік береді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығынатіркелуді немесе мобильді азаматтар қорында тіркелуді мобильді тіркелу секторында тексеруге болатынын ескертеміз.
Барлық сұрақтар бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» - 1411 әлеуметтік –еңбек саласындағы байланыс-орталығына хабарласыңыз (қоңырау шалу тегін). Жұмыс кестесі: сағ 9.00 бастап -18.00 дейін.
Сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа түскі уақытқа үзіліссіз.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Ақмола облысы бойынша филиалы