Ұжымдық шарт- ұйымда әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Ұжымдық шарт еңбек ұжымы мен жұмыс берушінің мүдделерін келісу үшін құрылады және келесі мәселелер бойынша жұмыс беруші мен жұмысшының өзара міндеттемелерін қамтиды:
- еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру;
- жалақыны индекстеу тәртібі;
- босатылатын жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы;
- даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтетін жұмыскерлерге, сондай-ақ жұмысты оқумен қоса атқаратын жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;
- жұмыскерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
- жұмыскерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың демалысы туралы;
- жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған жағдайдағы өтемақы төлемі туралы;
- жұмыс берушінің орналасқан жерінен немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейін және кері қайтқанда жұмыскердің жолда болған уақыты үшін өтемақы төлемі туралы;
- жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлеу туралы;
- өтемақы төлемдер мен жәрдемақы төлеу туралы;
- тараптар айқындаған басқа да мәселелер.
Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен еңбек ұжымындағы өзара міндеттемелерді құрайды, еңбек дауын алдын-алуға мүмкіндік береді.
Ұжымдық шарт- кәсіпорын жұмысының тұрақты және табысты болуының кепілі.
Ұжымдық шартты тіркеу Макинск қаласы, Некрасова көшесі, 19 үй, 19 кабинетте орналасқан еңбек бойынша мемлекеттік инспекторда немесе Көкшетау қаласы, Ақан-сері көшесі, 111 «А» Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасында.