Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676  Заңы.

VI. Көп балалы аналарға арналған наградалар

 27-бап. Көп балалы аналарға арналған наградалар мына алқалар:

      - "Алтын алқа" (Золотая подвеска)

      - "Күмiс алқа" (Серебряная подвеска).

 28-бап. "Алтын алқа" алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады.

      "Алтын алқа" алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi.

      "Алтын алқа" алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ:

      - ананың заңда белгiленген тәртiппен асырап алған;

      - Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi.

 Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      29-бап. "Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.

      "Күмiс алқа" алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған балалар да ескерiледi.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.07.26 № 462, 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      30-бап. "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларының Қазақстан Республикасының ордендерi мәртебесi болады.

 

Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен қайтадан (алғаш рет) наградтауға ұсынуға  қажетті құжаттар


1. Барлық балалардың туу туралы куәліктері ( аналары біреу болуы қажет)
2. Ауылдық әкімдіктермен нотариалды түрде расталған орден кітапшаларының көшірмелері, түпнұсқамен салыстыру
3. Көп балалы анаға және барлық балаларға мекенжайлық анықтамалар
4. Көп балалы анаға және кәмелеттік жасқа толмаған балаларға  сотталмағандығы ( сотталғаны) туралы анықтамалар
5. Жеке куәлігінің көшірмесі  
6. Қазіргі уақытта тұратын мекен жайды көрсетумен балалардың тізімі

 


Бұрын «Батыр ана» орденімен  және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналарды рәсімдеуге (ауыстыру) қажетті құжаттар

1. «Батыр ана» орден кітапшасының көшірмесі  (КСРО)
2. Жеке куәлігінің көшірмесі

Дата публикации
04 мая 2020