Бұландны ауданы әкімінің
2017 жылғы 10 қарашадағы
№ 11-78ө өкімімен
бекітілді
Бұланды ауданы әкімі аппаратының,
Бұланды ауданының Макинск қаласы,
Ауылдық, селолық округтері әкімдері аппараттарының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жүйесін ұсынады.
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда қаралған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында:
— Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа нормативті-құқықтық актілерін басшылыққа алу;
— жеке және заңды тұлғаларға, әріптестеріне адал, әділ, сыпайы қарау, әдептілік таныту;
— мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;
— жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау кезінде төрешілдік және сарсаңға салуды болдырмау;
— азаматтардың келісімісіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді, жеке және отбасылық құпияларды жария етпеу;
— жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және басқа да тұлғалар қызметіне ықпал ету үшін өз қызметтік дәрежесін пайдаланбау;
— мемлекеттік қызметтер тұтынушысы ретінде халық сұранысына бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру шараларын тұрақты қолдану;
— шындыққа жанасымсыз мәліметтерді таратпау.
2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және басқа шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
— құзыретті шектеуді және құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
— лауазымдық өкілеттікті орындауға қатысты емес өкімдердің, бұйрықтар мен нұсқаулардың шығарылуын болдырмау;
— қоластындағылардан лауазымдық өкілеттігі шегінен тыс шығатын тапсырмалардың орындалуын талап етпеу;
— туысқандық, жерлестік және жеке берілгендік себептері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларын жібермеу;
— меритократия принциптерін ұстану;
— қабылданатын шешімдер үшін дербес жауап беру.
3) нормативті-құқықтық актілер жобасын дайындау кезінде:
— нормативті-құқықтық актіні қабылдауды осы актіні қабылдау құзыреті Қазақстан Республикасы заңымен көзделген жағдайда ғана жүзеге асыру;
— нормативті-құқықтық актіні қабылдау азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандығына шек қоймауы, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбауы тиіс;
— нормативті-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары мен олардың белгілері бар нормаларды қолданбау;
— азаматтар құқықтарын іске асыру жөніндегі шешім жобасы келісілетін инстанциялар санын мүмкіндігінше азайту.
4) тіршілік әрекеті саласының өзгешілігіне байланысты туындайтын басқа өзара қарым-қатынас кезінде:
— бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық белгілеу;
— бағыныстағы лауазымды тұлғалар арасында жұмыс мөлшерінің біркелкі бөлінбеуін жібермеу;
— лауазымдық міндеттері шегінен шығатын немесе орындауға мүмкін емес, сондай-ақ заңға қайшы келетін тапсырмалар бермеу;
— басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылықты жібермеу шараларын қолдану.
— заңмен тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасалуын болдырмау;
— қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген шектеулер мен тйымдарды ұстану;
— қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, өз қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқару, жұмыс уақытын тиімді және нәтижелі қолдану;
— бір мемлекеттік органда тікелей бағыныста туысқандармен жұмыс істеуді болдырмау;
— мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет меншігін, автокөлік құралдарын тиімді және тек қызмет мақсатында ғана пайдалану;
— мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік аппарат беделін нығайтуға септігін тигізуі қажет, ресмилік, ұстамдылық пен ұқыптылықты танытанын көпшілік мақұлдаған іскерлік стильді ұстану.