Бұланды ауданы ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы
2021 жылғы 15 шілдеде Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Бұланды ауданының Айнакөл, Алтынды, Амангелді, Караөзек, Никольск ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Бұланды ауданы ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Бакыт Шамкеновна Тасылбекова баяндама жасады. Ол 2021 жылдың 14 шілдесіндегі сағат 18-дегі жағдай бойынша Бұланды аудандық сайлау комиссиясымен Айнакөл, Алтынды, Амангелді, Караөзек, Никольск ауылдық округ әкімдеріне ұсынылған 15 кандидаттың 15-сі тіркелгенін хабарлады.
Тіркелген үміткерлердің ішінде 9 (60%) ер адам және 6 (40%) әйел адам бар.
Мамандықтар бойынша: 9 – педагогикалық мамандықпен, 2 ауылшаруаушылық мамандары (агроном, технолог), 2-заңгер, 1-экономист, 1 – басқа мамандар.
Кандидаттардың ішінде: 8 мемлекеттік қызметші, 7 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері.
2021 жылғы 14 шілде сағат 18-ден бастап Бұланды ауданының Айнакөл, Алтынды, Амангелді, Караөзек, Никольск ауылдық округ әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.