Ауыл әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Ауыл әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2021 жылғы 9 шілде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.

Аудан бойынша барлығы 5 (Айнакөл, Алтынды, Амангельді, Караөзек, Никольск) сайлау округтерінде 15 кандидат ұсынылды, олардың 5 (33,3%) – саяси партиялармен, 10 (66,7 %) - өзін-өзі ұсыну арқылы.

         Саяси партиялар Айнакөл, Алтынды, Амангельді, Караөзек, Никольск сайлау округтері бойынша кандидатураларын ұсынды:

«Nur Otan» партиясы 5 кандидат,  «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 0 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП - 0 кандидат, «АDAL» cаяси партиясы – 0 кандидат, Қазақстан халық партиясы – 0 кандидат, Жалпыұлттық саяси-демократиялық партиясы – 0 кандидат.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, бұл жұмыстар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 15 кандидат тіркелген (100%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Жарияланған күні

10 шілде 2021

 

Дата публикации
10 июля 2021