Ақпараттық хабарлама

«Bulandy Agparat» аудандық газеті 2021 жылдың 25 шілдесінде тағайындалған Қазақстан бойынша ауыл әкімдерін сайлауы  алдындағы ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа бетінен орын беру шартын хабарлайды.

Сайлауалды және үгіт материалдарын жариялауға ақы төлеу тәртібі: газеттегі 1 шаршы см. орынның төлемақысы – 150 теңге. Төлем редакция ұсынған есеп-шот бойынша жасалады.

Үгіт мақалаларын жариялау үшін ауыл әкімдеріне кандидаттар немесе сенім білдірген адамдар:

  1. Редакцияға кандидаттың немесе сенім білдірген адамның аты-жөні, тіркелген нөмірі, күні мен уақыты, сайлау округі, кандидаттың немесе сенім білдірген адамның қойылған қолы көрсетілген жазбаша өтініштерін тапсырады.
  2. «Bulandy Agparat» аудандық газеті келісім-шарт жасасады.

Үгіт материалдарын жариялау тәртібі

Жазбаша өтініштердің және келісім-шарттың жасалуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес мерзімдерде басталады.

Мазмұндары «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» конституциялық Заң талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдары жарияланбайды.

Сайлауалды және үгіт материалдарды редакцияның мына мекен-жайына ұсынуға (жолдауға) болады: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макин қаласы, Сейфуллин к-сі, 18 Б, тел.: 2-11-63, е-mail: vesti_bulandy@mail.ru.

 

 

 

Дата публикации
08 июля 2021