Ақмола облысы
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Бұланды ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін
сайлау үшін сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4) тармақшасына, 22-бабына сәйкес Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Айнакөл ауылдық округі аумағының шекарасында – Айнакөл ауылдық округінің әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын;
- Амангелді ауылдық округі аумағының шекарасында – Амангелді ауылдық округінің әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын;
- Алтынды ауылдық округі аумағының шекарасында – Алтынды ауылдық округінің әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын;
- Қараөзек ауылдық округі аумағының шекарасында – Қараөзек ауылдық округінің әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын;
- Никольск ауылдық округі аумағының шекарасында – Никольск ауылдық округінің әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын;
- Сайлау округтерінің шекаралары мен орналасқан жері көрсетілген тізімін Бұланды аудан әкімдігінің интернет-парақшасында және «Бұланды ақпарат» аудандық газетасында жариялансын.
Сайлау комиссиясының
төрайымы Б. Тасылбекова
Сайлау комиссиясының
хатшы С. Сайманбаева
Макинск қаласы
2021 жылдың 25 маусымы
№6/10