Сыбайлас жемқорлық туралы жалпы түсінік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері

Сыбайлас жемқорлық үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады. Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық мүдделілікті төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы болып табылады. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз модельдерін қайта қарайды, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдайды.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығы Мемлекет басшысымен нақты белгіленген.

Біздің мемлекетімізде 1998 жылы "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" және 1999 жылы "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді құралына айналған және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, олардың моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындаған "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы. Барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар салынған ведомстволық бағдарламалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жоспарларды қабылдайды. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қандай да бір шамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты заңнама бар және дамуда, оған тікелей сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң, түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламалар кіреді, сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашағы үшін елеулі қатер төндіреді.

Дата публикации
10 июня 2021