Аудандық маңызы бар қала, селолық округтер, кентер және селолар әкімдерінің 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2021 жылдың 1 тоқсанында орындалуы туралы ақпарат

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Бұланды ауданының барлық деңгейіндегі әкімдерінің  халыққа 13 есеп беру кездесуі онлайн түрінде өткізілді.  Есеп беру кездесулерінде  барлығы   135  ұсыныс енгізіліп, 133 ұсынысқа түсіндірме берілді.

          Аудандық   іс-шаралар жоспарына 2 өзекті ұсыныс енгізілді:

«Қаланың орталық бөлігіндегі  көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту жүйелеріне қосу.

          «Ақмола облысы Бұланды ауданының  Макинск қаласында жылумен қамтудың  сыртқы инженерлік жүйелерін салу» жобасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен бөлінді. Жылыту жүйесіне 17 көпқабатты тұрғын үйлерді қосу жоспарлануда. Қазіргі кезде жылумен жабдықтаудың сызбасын даярлау үшін жобалаушыларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Макинск қаласында балалар ойын және спорт алаңы құрылысын салу».

         «Ақмола облысы, Бұланды ауданының Макинск қаласында балалар ойын  және спорт алаңдарын орнату» жобасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

           Қаланың 5 бөлігінде балалар ойын  және спорт алаңдарын орнату жоспарланып отыр: ол – теміржолдың арғы бөлігі,  Спортивная және Тас карьері кенттері, Шағынаудан және музыкалық мектеп аумағы.

Ұйымдастыру-бақылау бөлімі

Дата публикации
01 апреля 2021