«Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Бұланды ауданы Қараөзек ауылдық округі Еруслановка ауылын басқа елді мекендер санатына жатқызу және есептік деректерден шығару

Хабарландыру

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес

«Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Бұланды ауданы Қараөзек ауылдық округі Еруслановка ауылын басқа елді мекендер санатына жатқызу және есептік деректерден шығару, оны Бұланды ауданы Қараөзек ауылдық округінің Байсуат ауылының құрамына енгізу мәселесі бойынша Қараөзек ауылдық округі Еруслановка ауылы тұрғындарының жиыны өткізілетіні туралы хабарлайды.

Өтетін орны мен уақыты: Еруслановка ауылы, 2021 жылғы 12 ақпан сағат 11:00-де В. И. Ярулинаның тұрғын үйінде

Дата публикации
02 февраля 2021