2020 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Айнакөл селолық округі тұрғындарының саны 305 адам, олардың ішінде Айнакөл ауылында – 245 адам, Острогорка селосында- 60 адам. Зейнеткерлер- 46 адам, мүгедектер 11 адам оның ішінде 1 мүгедек бала, 18 жасқа дейінгі балалар саны- 75 бала. Еңбекке жарамдылар: 153 адам, оның ішінде еңбек етушілер- 153 адам.
Округте тұрып жатқан 98 жанұяның ішінде 6 жанұя (36 адам) әлеуметтік статусы бойынша- көпбалалы; толық емес 3 жанұя; жалғыз тұратын зейнеткерлер жанұя саны- 14.
Округ аймағында 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді: олар «Журавлевка 1» ЖШС, «Астра» ЖШС және 1 шаруа қожалығы. Округте барлығы 27603 га жер учаскесі бар, оның ішінде – 3456 га пішендік жер, жайылым – 9825 га, егістік жерлер – 11287 га. Шаруашылықтар дәндi дақылдардың өсiрулерiмен шұғылданады. Мал шаруашылығының дамытуына мемлекет тарапынан соңғы жылдары мағыналы көмек көрсетіліп жатыр, бірақ округте мал шаруашылығын дамыту үшін барлық алғышарттар болғанмен бұл мәселемен ЖШС шұғылданғысы келмейді.2 020 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша тұрғындардың жеке меншігінде ІҚМ – 432 бас (2020 жылы -398 бас), қой -523 (2020 жылы-497 бас), жылқы -231 бас (2020 жылы-295бас), шошқа-43 бас (2020 жылы- 41 бас). Мал есебінің дұрыстығын жолға қою мақсатымен, ветеринарлық-алдыналу шараларын өткізуді жақсарту үшін ауылшаруашылық малдарын теңестiруi өткiзiлген және компьютер деректер қорына енгiзiлген. Округ аймағында ветеринарлық-алдыналу шаралары 100 пайыз орындалды.
Білім беру саласының сапалы дамуы біздің Республикамыздың жалпыхалықтық даму бағдарламасының басымды бағыттарының бірі болып табылады.2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басты міндеті- білімберу саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімберу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту. Округте білім беру жүйесі 1 орта мектеппен құрылады. Айнакөл ауылындағы орта мектептегі оқушылардың саны 55, мектепке дейінгі дайындыққа 7 бала қатысады, шағын орталықтағы балалардың саны -9. Острогорка селосынан 10 бала Айнакөл орта мектебіне тасымалданады. Оқу барысын 25 ұстаз жүзеге асырады, олардың iшiнде жоғары білімді-17 ұстаз, 8 ұстаз орта кәсіптік білімі бар, жоғары санатты-3 ұстаз,бiрiншi — 2, екiншi — 5 ұстаз бар. Мектептерде балаларды ыстық тамақтандырылуы ұйымдастырылған бұлардың арасында көп балалы толық емес отбасылардан балалар тегін тамақтандырылады. Орта мектепте жылы дәретханалар жұмыс істейді.
Айнакөл ауылында медициналық пункт жұмыс істейді. Ауылдағы дәрігерлік қызметкер денсаулықты сақтау және аурудың алдын алу жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Селолық округ аумағында «Казпочта» бөлімшесі бар.Почта бөлімшесінде почталық қызмет көрсетіледі, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы беріледі, салық және басқа да төлемдері қабылданады.Елді мекендер телефонмен қамтамасыз етілген. Абоненттердің саны 81, Мегалайн абоненттерінің саны-24. Отау теледидарының барлық қойылған антенналардың саны 69 (63 % құрайды).
«Зейнеткер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек» атты акция барысында ЖШС «Журавлевка1 » барлық зейнеткерлерге жалпы соммасы 116 мың теңгеге азық- түлік наборларын ұсынды..
Әкімнің аппараты өз жұмысын әзірленген айлық жоспарларға сәйкес жүргізеді:
- әскери міндеттілік бойынша жұмыс ұйымдастырылып орындалады;
- салық жинауды қадағалайды;
- халықты жұмыспен қамту жұмыстары жүргізіледі (қоғамдық жұмысқа 3 адам қабылданды).
Құрметті қонақтармен ауыл тұрғындары, сіздерді аяқ басып келген 2021 жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Отбастарыңызға, туыс-туғандарынызға амандық, сиыр жылы молшылық жыл болсын деп тілеймін!
Назарларыңызға рахмет.