Құрметтi аудан басшалар және жерлестер!
Қазақстан Республикасы Президентінің 02.05.2016 жылғы № 190 Жарлығы «Халықпен есеп беру кездесулерін өткізу кезінде орталық атқарушы органдардың басшылары, әкімдер, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары» барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беру кездесулерін, барысында елдегі реформалардың жүзеге асырылуы, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрес аясында қабылданған шаралар, есепті кезеңдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оларды одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы ақпараттандырылды.
Амангелді ауылдық округінің 2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы және ағымдағы 2021 жылға арналған міндеттер туралы есеп беруге рұқсат етіңіз.
Амангелді ауылдық округі екі елді мекенінен тұрады, ауылдық округінің орталығы – Партизанка ауылы, бөлімшесі – Ортақшыл ауылы. 1997 жылдан бастап еңбек қызметтерін «Қалқаман» бірлестік фирмасы жүргізеді, шаруашылықтың негізгі бағыты – бидай өнімі, жер көлемі 30993 га, жыртылған жер – 23912 га, жайылым – 7081 га, тұрғындар жері – 3328 га.
Амангелді ауылдық округінде тұрғындарды және ауылшаруашылық малдарын есепке алу жұмысын мамандар жүргізеді. Округте 01.01.2021ж. – 823 адам тұрады. Барлық аула – 246, зейнеткерлер – 100 адам, мүгедектер -37 адам, туылған балалар – 18, қайтыс болғандар – 9 адам, округте 15 батыр аналар тұрады, Нұр Отан партиясы құрамында – 45 адам.
Тұратын ұлттар: қазақтар - 382 адам , орыстар - 249 адам , немістер - 104 адам, украиндар – 38 адам, белорустар - 35 адам, ұйғырлар – 5 адам, татарлар - 3 адам, өзге ұлт өкілдері – 7 адам.
Әкім мамандарымен ауылшаруашылық малдарын теңестіру жұмыстары толық жүргізілді. Берілген мәлімет бойынша жекеменшік секторда ІҚМ - 860 бас, ҰҚМ-1610 бас, жылқылар -585 бас, шошқалар - 320 бас, құстар – 4406 бас.
ЖШС «Партизанское-1» ІҚМ - 300 бас, жылқылар - 15 бас.
Аудандық мал дәрігерлері мен жергілікті дәрігерлер ауылшаруашылық малдарына барлық алдын ала емдеу шараларын жүргізді, бруцеллез ауруына қан алу жоспарында –2460 бас, зерттелген -2460 бас, ҰҚМ жоспарда 3143 бас, тексерілген 3143 бас.
Кәсіпкерлік: Халыққа 5 дүкен қызмет етеді, Партизанка - Макинск, Партизанка – Нұр-Сұлтан бағытыңда үнемі автобустар жүреді.
Коммуналдық шаруашылық: Округте үнемі орталық пешқазан клубты, кеңсені, тойхана жылытады. Шаруашылық арқасында жиі монша істейді. Наубайхана тұрақты, өнімділігі тәулігіне 400 орама, нанның салмағы 700 грамм, бағасы 100 теңге.
Бүгінгі қүннің өзекті мәселесі тұрғындардың ішетін ауыз таза суы, су құбыры ескі 1973 жылғы, көптеген құбыр жарығы болады, «Партизанское-1» ЖШС-гі мен еңбеқ құрылыс бастығы И.Э. Шпрунг арқасында жөндеу дер кезінде көрсетіледі. Геологтармен жерасты су қорын іздеу жұмыстары жүргізіліп бітті. Протокол №1406 09.12.2013 ж.
Әлеуметтік сала: 1 қыркүйек 2013 жылдан Партизанка ауылында 120 орындық типтік жаңа мектеп салынды. Мектеп екі кезендік оку. Балалардың саны - 131 окушы, бастауыш сыныпта - 10 окушы, мүғалімдер саны – 27 адам. Ортакшыл және артқа ПАЗ автобусымен 17 оқушылар тасымалданады. Округте «Айналайын» 40 орындық балабақшасы мемлекеттік тілде қызмет етеді. «Айналайын» балабақшасы 1970 жылы салынған. Бүгінде күрделі жөндеу қажет.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 2020 жылы «Партизанское-1» ЖШС 7000 мың теңге көлемінде меморандумға қол қойды.
Пошта: бөлімшесі жұмыс істейді, газетке жазылу жоспары орындалуда.
Кітапхана: кітап қоры 17470 дана ауылдық кітапхана бар. Ауылдық мәдениет үйі мен бірге олар мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар өткізеді.
Телефон: байланысында 246 абонент түгелімен қамтамасыз етілген.
ЖШС «Партизанское - 1» шаруашылы әлеуметтік салада көптеген сұрақтарды шешеді, Жана жыл мейрамын, Наурыз мейрамын, Жеңіс мейрамы сонымен бірге «Партизанское-1»ЖШС-гі жол ережесін сақтайды, қоқысты шығаруда көмек көрсетілді, ат жарыстарының қатысушыларына материалды көмек көрсетілді.
Денсаулық сақтау: Округте ФАО-н жұмыс істейді, халықты дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етеді.
Мәдениет және спорт объектісі: Округте АМҮ-і жұмыс істейді, демалыс және мейрам күндері демалыс кештерімен концерт өткізіледі. Бүгінгі күнде АМҮ-не күрделі жөндеу қажет. Округ бойынша волейбол үйірмесі, «Кокпар» ұлттық ойын тобы құрылды. Амангелді ауылдық округінің спорттық тобы барлық аудандық іс-шараларға қатысты.
Көріктендіру: Округте көріктендіру қыстан басталады, әр бір тұрғын қиды, қоқысты белгілі орынға үйеді. Тазалықтан, жасылдандырудан үшайлық өтті. Шаруашылықпен тұрғындар ауласынан қи шығарылды 2250 тонна. Сегіз сенбілік өткізілді, үнемі орталық саябақты тазалау жұмыстары жүргізіледі, ҰОС жөндеу жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, қараусыз қалған 3 үй алынып, қалпына келтірілді. Партизанка - Мат, Партизанка - Буденовка автомобиль жолдарының төсемі 500 мың теңгеге жүргізілді. Қыста жолды үнемі «Партизанское-1» ЖШС ұстайды. Мал жайылымы кезеңінде «Партизанское-1» ЖШС жеке меншік секторға 8 бұқа өндірушілерін ұсынады.
Құқық қорғау орнының жұмысы: Ауылда үнемі құқық қорғау орнымен тәртіп сақталады, округтегі мамандар арасында кезекшілік құрылған, қоғамдық кеңес тобы ұйымдастырылған.
Өз сөзімді аяқтауда аудан басшылығына, шаруашылық басшыларына, округ тұрғындарына көрсеткен көмектерімен біздің округтің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырысын орындауда алда болу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес - «мемлекеттік органдар қызметіндегі басты басымдық - бұл ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою, билік пен қоғам арасындағы конструктивті диалог арқылы үйлесімді мемлекет құруға болады». 2020 жұмысымызда жемісті жыл болсын, бай, болашағы бар, өмірдің барлық саласында позитивті болсын, баршаңызға денсаулық, бақыт және отбасылық амандық тілеймін!
Жылымыз сәтті, берекелі болсын.
«Новобратск селолық округінің 2020 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және 2021 жылға арналған негізгі міндеттер туралы» Новобратск селолық округінің әкімі В.И.Салийдың есебі
Құрметтi ауылдастар және кездесуге қатысушылар!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдардың басшыларымен, әкімдерімен, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларымен халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді, оның барысында оларға елде жүргізілген реформаларды жүзеге асыру, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрес шеңберінде қабылданған шаралар, есепті кезеңдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, міндеттері мен оларды одан әрі дамытудың негізгі бағыттары туралы ақпарат беріледі
Өткен жылды қорытындылау үшiн және өз жұмысымызды орнату үшiн алдымызға жаңа жоспарлар құру мақсатымен кезектi кездесiп отырмыз.
«Қазақстан –жас көп ұлттық , өзiнiң ертеңiнде сенiмдi дамып келе жатқан мемлекет! Бiз 29-жылдық орнату жолын өттiк. Алдағы уақытта бiздi оданда жоғары межелер күтiп тұр. Мемлекеттi орнатуда ерекше бай тәжiрибелердi жинап, бiз жаңа кезеңдi қарсы алдық. Қандай қиын жағдайлар кездестiрсек те, бiз оларды жеңiп шығатынымызға сенiмдiмiн. Бiздiң басты күшiмiз- бiрлiкте.
Бiз Қазақстанды ұрпақтарымыз үшiн одан да жайнаған елге айналдырамыз!
Патриотизм өз Отаныңды, өз туған ауылыңды, қалаңды, аумағыңды, өзiңнiң кiшi Отаныңды сүйуден басталады. «Туған жер» бағдарламасы бiлiм беру жүйесiнде, экология және көрiктендiру, аумақтық тарихты үйрету, мәдени-тарихи ескерткiштердi және жергiлiктi мәдени нысандарды жаңғырту өлкетанымдылық жұмысты көрсеткен.
Адамдардың санасында ұлттық құндылықтарды сақтап қалу үшiн «Қазақстанның рухани құндылықтары» атты жоба әзiрленген.
Бұның бәрi дұрыс саяси жолдың нәтижесi болып табылады және халықаралық шеңберде Қазақстанның жоғары беделi.
Сондай-ақ өткен 2020 жылды қорытындылай отырып, бiз келесi көрсеткiштерге жеттiк :
2020 жылы «Новобратск селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ-не 4 өтiнiш, оның iшiнде жеке тұлғалардан жазбаша өтiнiш -3, жеке қабылдауда 1 ауызша хат түстi. Барлық хаттар қанағаттандырылды және түсiндiрiлдi.
67 нотариалдық iс-әрекеттер жасалды.
Новобратск ауылдық округі әкімінің аппараты бекітілген қағидаларға сәйкес 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және керіқарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" , "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру",
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»,
«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»,
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Мемлекеттік мекемеде ЕГОВ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Бұл жерде ауылдық округ тұрғындары электрондық үкімет порталы арқылы қызметтер ала алады.
Әлеуметтiк-демографиялық жағдай
Ауылдық округ аумағында 11 ұлт өкiлдерi тұрады. Округте 286 үй, жалпы саны 751 адам. 2020 жылда 9 бала туды, 19 адам қайтыс болды, 77 адам кеттi, 17 адам келдi, көшi- қон сальдосы : — 60. Экономикалық белсендi тұрғындар 407 адам құрайды, оның iшiнде 394 адам әр салада жұмысы барлар, 52 адам өзiн өзi қамытқан, тiркелген жұмыссыздар саны 6 адам.
Ауылшаруашылық өндiрiсi
Селолық округтің аграрлық секторы 2 ЖШС және 2 шаруа қожалықтарын және 2 ПТ , 1 ЖК біріктіреді.
Округ бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына халықта ІҚМ - 714 бас , шошқа - 481 бас, жылқы -129 бас , қой -487 , құстар -4398 бас.
Мал есебінің дұрыстығын жолға қою мақсатымен, ветеринарлық-алдыналу шараларын өткізуді жақсарту үшін ауылшаруашылық малдарын сәйкестендіру жүргізілуде.
«Ветеринария туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізілуге байланысты, Новобратск ЖШС күшімен Буденовка ауылында мал сою пункті жұмыс істейді.. Оның жанында шұжық өндіру, тұшпара, манты, голубцы жасау шағын цехы жұмыс істейді.
Қоғамдық және жеке меншік малдарының қыстауына шөп дайындалды. Сабан және фураж дайындалуда. Селолық округ аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу объектілері жұмыс істейді: Новобратск ауылында жұмыс істейтін 1 наубайхана 4 ауылды нанмен қамтамасыз етеді. Пісірілген нанның көлемі – 12,5 тонна
Кәсiпкерлiк
Жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты: шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай қарастыру, шағын кәсіпкерліктердің қазіргі нарыққа бәсекелестікке қабілеттілігінің артуы және де жұмыссыздық мәселесін шешу болып табылады.
Селолық округта 9 дүкен, 1 наубайхана, 1 жанармай станциясы,1 дәріхана жұмыс істейді.
Кәсiпкерлiктегi бар салалармен қатар округке халыққа келесi қызмет түрлерiн көрсету бойынша саланы дамыту қажет, оларға: шаштараз, iс тiгу цехы, аяқ киiмдер жөндеу, дөңгелектер құрастыру.
Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту.
Ағымдағы жылы жұмыссыз азаматтар қатарынан төленетiн қоғамдық жұмысқа 6 адам жолданды.
Новобратск селолық округiнiң аумағында кедейлiк шегiнен күн көрiстiң төменгi деңгейiне дейiнгi табыстары бар отбасы жоқ. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiнде жүгiнетiн, отбасының материалдық жағдайын зерттеу бойынша учаскелiк комиссия құрылып, жұмыс iстейдi. 2020 жылы мемлекеттiк балалар жәрдемақысын тағайындауға 3 өтiнiш қанағаттандырылды. Атаулы әлеуметтiк көмекті 14 адам алды, қазір 4 алады.
Бiлiм
Білімберу саласының сапалы дамуы біздің Республикамыздың жалпыхалықтық даму бағдарламасының басымды бағыттарының бірі болып табылады.
2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басты міндеті- білімберу саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімберу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту.
Селолық округте 2 мектеп - 1 орта, 1 бастауыш
Округте 2 шағын орталық жұмыс істейді, Новобратск селосында балалардың саны -13, Буденовка селосында балалардың саны -3.
Мектептердің жылу жүйесі қанағаттандыру жағдайда. Барлық мектептерде оқушылар СХП Новобратское ЖШС және ата-аналар қаражатына ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Буденовка бастауыш мектебі: мұғалімдер саны - 4 адам, оқушылар-9, мектепалды сыныбы - 5 адам.
Новобратск орта мектебі. Ұжымда 22 мұғалім, оқушылардың саны 89 және мектепалды сыныбы – 3 оқушы.
Мектепте кітапхана , мұражай жұмыс істейді. Оқушыларды тасымалдауға автобус пайдалануға берілді.
Новобратск селолық округінде негізгі демеуші «СХП Новобратское» ЖШС. Мектептің жөндеу жұмыстарына құрылыстық материалдар (цемент, известь), көмірді үюге, күл-қоқысты шығаруға көлік берілді
Денсаулық сақтау
Новобратск дәрігерлік амбулаториясының мамандары : акушер, лаборант, әлеуметтік жұмыскер және медпункт қызметкерлері 1903 адамға қызмет көрсетеді., 5 орынды күндізгі стационар жұмыс істейді. Жаңа жедел жәрдем машинасы бар. Қант диабетімен, демікпе ауруымен, іш құрылысының ауруымен, жүрек тамырлар ауруымен ауыратындарға тегін дәрі-дәрмек беріледі.
2020 жылдың 1 жартыжылдығында медициналық қызметкерлермен барлық жоспарланған шаралар 100% жүргiзiлдi:
- Ересек тұрғындардың скринингi -119 адам (100%),
- балалар скринингi — 99 бала(100%),
-Флюротексеру — 571 адам (95%),
- дәрiгерлердiң көшпелi бригадасымен -280 адам тексерiлдi.
Балалардың және аналардың өлiмi тiркелген жоқ.
Мәдениет
Мәдениет мекемелері «Мәдениет туралы», «тарихи-мәдени мұраны сақтау туралы» Заңдарды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.
2020 жылдың басында мерекелік концерттер өткізілді, оларға Новобратск ОМ , халық шығармашылығының ұжымдары, би коллективтері қатысты. «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығының байқауы өтті.Үздік нөмірлер Макин қаласындағы концертке алынды, Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен марапатталды.
Пандемия жағдайында онлайн іс-шаралар өткізілді.
Округте Новобратск және Буденовка селоларында 2 кітапхана жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 20000 дана. Кітапханалар жаңа кітаптар, облыстық және республикалық газет-журналдарды үнемі алып тұрады. Кітапханашылар барлық мемлекеттік мерекелерге белсене қатысады.
Дене шынықтыру және спорт
Селолық округта ірі мәдени-спорттық шаралар, демалыс және денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарына жағдай туғызу мақсатымен денсаулық фестивалі, жеңілатлетикалық кросстар өткізілді. Біздің спортшылардың аудандық жарыстарға қатысуы-спорттың жан-жақты дамуының нәтижесі.
Округтің волейбол бойынша ересектер командасы жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар мектеп оқушылары шаңғы спортында жақсы көрсеткіштерге ие болды.
Көрiктендiру
Новобратск селолық округiн көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалығы бойынша айлық өткiзу шараларына 321 адам қатысты, оның iшiнде төленетiн қоғамдық жұмыстарға 6 адам қатысты, 1500 тонна қоқыс шығарылды, 2 парк абаттандырылды, 700 п/м қоршау сырланды және әктелдi, гүлдер, ағаштар отырғызылды.
Новобратск селолық округi аймағында 2 мал көму жерi, 4 қоқыс жинау орны бар.
Көрiктендiру ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк айыппұл салынған емес.
Ұзындығы 50 км жол екі рет грейдерленді.
Селолық округтің 4 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Күзгі-көктемгі кезеңдерде ағын суды зерттеу және су құбырларын зарарсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Почта және телефон байланысы
Селолық округ аумағында «Казпочта» бөлімшесі бар. Почта байланысының торабы селолық бөлімшелерден тұрады.
Почта бөлімшесінде почталық қызмет көрсетіледі, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы беріледі.
Елді мекендер телефонмен қамтамасыз етілген. Абоненттердің саны 254, жеке тұлғаларға -237, заңды тұлғаларға -17. Мегалайн абоненттерінің саны-107, оның ішінде жеке тұлғалар-98, заңды тұлғалар -9. Округ аумағында «Beeline» , «Актив» байланысы бар. Теледидар бағдарламаларын «Хабар» каналы және бірінші канал көрсетеді. Селода үйлердің 70% «тарелкалар» орнатылған. Сонымен қатар «Отау ТВ» Қазақстан телевидениясының 13 антеннасы орнатылды, ақысыз 37 канал көрсетіледі.
Нұр Отан
Новобратск селолық округi аймағында «Нұр Отан» бiрiншiлiк партиялық ұйымы бар, оның есебiнде партия мүшелерi 68 адам.
Бiрiншiлiк партиялық ұйым округтiң саяси,әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiне белсендi қатысты, бiрiншiлiктiң жұмысы жоспар бойынша «Нұр Отан» ұранымен өткiзiледi .
Селолық окргутегі проблемалық мәселелер жыл сайын есепберу кездесуінде қарастырылады.
1) ТҚҚ объектілеріне құқықтық құжаттарды дайындау, жалпы сомасы 5,0 млн тенге облыс бюджетінен.
2) «Новобратск-Буденовка» су құбырында скважинаның (3 дана) және жинақтауыш қоршауының құрылысы САНПИН талаптарына сәйкес қажет, Жалпы сомасы 24,0 тенге облыстық бюджеттен.
3) Вознесенка-Новобратск жолындағы 69 км Коңыр өзені арқылы өтетін көпірдің жағалау бөлігін күшейту қажет, Жалпы сомасы 28,0 млн тенге облыстық бюджеттен.
4) облыстық бюджеттен жалпы сомасы 52,0 млн.теңгеге облыстық маңызы бар Вознесенка-Новобратское жолын (60,0 км-ден 64,5 км-ге дейін) жөндеу қажет.
Құрметтi ауылдастар, мен Сiздердi 2020 жылғы атқарылған жұмыс туралы қысқаша таныстырдым, ендi Сiздердiң назарларыңызға алдағы жылға қойылған жұмыс жоспарлары туралы мәлiмет етейiн:
*Республикалық бағдарламаларды округте орындалуы бойынша тұрақты жұмыс жүргiзу.
*Округте мал бастарын, оның iшiнде ауыл шаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығын дамыту есебiнен өсiру.
*Халыққа қызмет көрсету бойынша пункттер ашуды жалғастыру.
*Жаңа жұмыс орындарын құру.
2020 жылда атқарылған жұмыстың нәтижесi осындай. Жұмыс қортындысын шығара отырып, бiзде әлi де жеткiлiктi проблемалар бар және оны бiрлескен күшпен шешуiмiз керек.
Өз сөзiмдi қорытындылай келе Сiздерге мықты денсаулық тiлеймiн.
Назарларыңызға рахмет!