«Капитоновка ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары мен 2021 жылдың негізгі мақсаттары туралы» Капитоновка ауылдық округінің әкімі Б.Қ.Рахимжанованың халық алдындағы есебі

Құрметті жерлестер!

 Бүгінгі күнде еліміз, сонымен бірге ауданымыз үлкен жетістіктерге жетіп, талай жақсы өзгерістерге барлығымыз куәгер болып отырмыз. Бұған Капитоновка ауылдық округі де өз үлесін қосып отыр.

Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің  Жолдауларын,  жұмыспен қамту, көп балалы, аз қамтылған отбасыларды және қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау,  оқу, денсаулық сақтау, бизнесті  дамыту және жастар саясаты бағытындағы мемлекеттік  бағдарламалық құжаттардың талаптары іске асуда.

2020 жыл коронавирус пандемиясының ққиын жағдайында өтті, мұнда біздің басты міндетіміз әлеуметтк-экономикалық тұрақтылық, жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру болып табылады.

Жалпы алғанда, Капитоновка ауылдық округі ауқымды даму жолында, алдымызға басшылық  қойған мақсаттарды шешуге үлкен мүмкіндіктеріміз де  бар.

Ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты, халықтың әл-ауқатын жақсарту мен өмір сүру деңгейін жоғарылату болып табылады.

Капитоновка ауылдық округі  3 елді мекеннен құралады:  Капитоновка, Балуан Шолақ және  Пушкино ауылдары. 2020 жылдың 31 желтоқсанында халық саны 1019 адамды құрады, оның 575 адамы еңбекке жарамды, соның ішінде 194 адам өзін-өзі қамтушы және 381 адам жұмысшылар, зейнеткерлер саны - 161 адам,  мүгедектер саны - 28 адам, 11 көпбалалы отбасы, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 7 көпбалалы аналар бар. 2020 жылы туғандардың саны – 10 бала, қайтыс болғандардың саны – 12 адам.

«Ауыл-ел бесігі» атты арнайы жоба шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінді:

  • 554,3 млн.тг. Капитоновка ауылында су тарту жүйелерін қайта құруға, суды тарату жылдың аяғына дейін жоспарланып отыр;
  • 80,0 млн.тг. ауыл ішіндегі ұзындығы 4 км жолдарын жөндеуге;
  • 20,4 млн.тг. Капитоновка ауылындағы спорт алаңын абаттандыруға: ауылдық Мәдениет үйі мен спорт алаңына фитнес жабдықтары орнатылды, волейбол алаңы қоршалды, жасанды жабындымен жабылды, жарықтандыру тартылды.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінді:

  • 15,0 млн.тг. Капитоновка орта мектебінің төбесін жөндеуге;
  • 20,0 млн.тг. ауылдық Мәдениет үйінің жылыту жүйелерін жөндеуге;
  • 15,0 млн.тг. Капитоновка көшелерін жарықтандыруға, жалпы ұзындығы 12 км. ауыл көшелері жарықтандырылды.

Сонымен қатар Пушкино ауылында 5 жарықтандыру тіректері орнатылды.

 

Әлеуметтік қорғау.

 

«Құтты мекен» бағдарламасы шеңберінде Бұланды ауданының әкімдігі Верина Наталья Викторовнаның көпбалалы отбасына тұрғын үй беріді.

«Журавлевка-1» ЖШС-да  екіпәтерлі бір үй іске қосылды, үйлердің кілттері екі көпбалалы Биниман Константин Константинович және Чумаков Сергей Владимировичтың отбасыларына табыс етілді.

1 әлеуметтік қызметші жалғыз басты 4 зейнеткерлерге үйлерінде қызмет көрсеттеді.

Карантин еңгізілген кезінде кейбір тұрғындарға 42,5 мың тенге және 50,0 мың теңге көлемінде жәрдемақы  тағайындалды, сонымен қатар коммуналдық қызметтерді төлеу кезіндеде көмек көрсетілді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде, «Журавлевка-1» ЖШС, «Рамазанов» ШҚ және «Нұрдаулет» ЖШС-ның қаржыларының есебінен барлық ұйымдастырылмаған балалар мен бастауыш сынып оқушыларына жаңажылдық қаптамалар таратылды.

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында «Журавлевка-1» ЖШС-ның қаржысынан азық-түлік себеті таратылды.

Макинск қаласының медициналық-әлеуметтік мекемесіне орналастырылған біздің ауылдық округтың тұрғыны – Макрушин Виктор Петровичте назардан тыс қалмайды.

Соңғы 25 жылдан бері тұрғындарды мазалап отырған сапалы сумен қамту мәселесі де өзінің оң шешімін тапты.  Су тарту кезінде 1 топтағы мүгедектерге, бірнеше мүгедектері бар отбасыларына, жалғыз басты қарттарға және азқамтылған отбасыларына, орындалған жұмыстардың бағасынан 50 % көлемінде жеңілдіктер көрсетілді.

 

Жергілікті мемлекеттік басқару.

 

Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмешілерінің штаттық саны 4 адам.

            Әкім аппараты мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді, олар Пушкино және Балуан Шолақ ауылдарынан 7 балаларды жеткізу, объектілер салу және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үйге қызмет көрсету және жеке қосалқы шаруашылықтарын жүргізу үшін жер учаскелерін беру. Барлығы 2020 жылы олар бойынша 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді, E-gov бұрышы арқылы 57 мемлекеттік қызмет көрсетілді, азаматтардың 10 өтініштері қаралды және 9 жеке қабылдау өткізілді.

 

 Ауылдық округ әкімі аппаратының жанында Ардагерлер кеңесі мен қоғамдық келісім кеңесі, кәсіпкерлер, жастар және аналар кеңестері құрылған, 2 кәсіби емес медиаторлар мен 8 жергілікті қауымдастық мүшелері жұмыс атқарады.

 

2020 жылы Капитоновка ауылдық округінің есеп шотында:

- жеке кәсіпкерлердің салығы – 229, 9 мың тг.

- жеке тұлғалардың  мүлік салығы – 72,7 мың  тг.

- жеке тұлғалардың жер салығы 214,8 мың тг.

- заңды тұлғалар  көлігінің салығы 925,9 тг.

- жеке тұлғалар  көлігінің салығы 1789,6 млн  тг.

Есеп шоттың басқа құрастырушысы болып саналатын ерікті салымдар, сыртқы жарнама орнату үшін төлемдер мен әкімшілік айыппұлдар бойынша 2020 жылы кірістер болған  жоқ

 

 

Ауыл шаруашылығы

 

Азық түлік қауіпсіздігін қамтитын экономиканың маңызды саласының  бірі, ауыл шаруашылығы болып табылады.   

Ауылдық округ аумағында аграрлық өнімдерді шығарумен айналысатын 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен 2 шаруашылық қожалығы және жылқы мен қойларды өсірумен айналысатын 2 шаруашылық қожалығы бар.

2020 жылы егін егу алқабы 22 447 га құрады, оның 18 897 га дәнді дақылдар мен 3 186  га майлы өсімдіктер. Дәнді дақылдардың түсімі биыл 12,34 ц/га, майлы өсімдіктер 9,74 ц/га құрады. 

Өсімдік шаруашылығының белсенді дамуымен қатар,  ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі - мал шаруашылығы болып табылады.

Ауылдық округ аумағында мал шаруашылығымен,  821 бас қазақи ақбасты ірі қара малы бар «Журавлевка-1» ЖШС  және 150 бас жылқылары мен 50 бас қойлары бар 2 шаруашылық қожалықтары айналысады. Үй шаруашылығындағы ауылшаруашылық малдардың жалпы саны: ІҚМ –  1146 бас, ҰҚМ – 609 бас, жылқылар – 341 бас, шошқалар – 684 бас. Жалпы саны 310 бас ІҚМ  бар 73  аулалардан тұратын, ІҚМ асылдандыру мақсатымен ашылған және ет өндірісімен айналысатын «Жолболды 2017» АШӨК (ауыл шаруашылық өндірістік кооператив) жұмыс істейді.

2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда округ бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарында мал басының азаюы байқалады: ірі қара мал 48 басқа, ұсақ мал 51 басқа, шошқа 39 басқа азайды, мұны Балуан Шолақ ауылында жайылымнан 22 бас қара малдың жоғалуына байланысты және «Журавлевка-1» ЖШС-да астықтың төмен өнімділігіне  (2019 ж.-17 ц/га, 2020 ж.- 14 ц/га) және сабанды «Макинск құс фабрикасы» ЖШС тиімді бағамен сатып алуына байланысты.

Тексеру мен вакцинациялау бойынша емдеу мен аурулардын алдын алу іс шаралары есеп беру жылында 100% орындады. Ауыл шаруашылық малдарында аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Аудандық «Ветсервис» мамандары ағымдағы жылдың мамыр айында 17 бас қаңғыма ит ауланып ауыл округінің мал қорымында жойылды. Осы проблема әлі де толығымен шешілмей тұрғанына байланысты бұл жұмыстар  келесі жылы да жалғастырылады.

 

 

Кәсіпкерлік

 

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мен кәсіпкерлікті дамытуды қолдау жөнінде округте бірқатар  жұмыстар атқарылып отыр.

Капитоновка ауылдық округінің экономикалық дамуына кіші және орта бизнес үлкен үлес қосуда. Күн сайын олардың күші де артып келеді. Ауылда бизнеспен айналасу пайдалы екендігін жергілікті тұрғындар жақсы біледі.

Алғашқы қажеттілік тауарларымен халықты қамтамасыз  ететін 8 сауда нүктесі қызмет көрсетеді. Нан өнімдерін аудан орталығынан кәсіпкерлер  Т.Булатов және К.Шарипов  тасымалдайды.

Облыс және аудан орталықтары округпен «Капитоновка - Көкшетау» бағыты бойынша «Ақ ниет» АҚ жеке кәсіпкерінің Газелі арқылы байланыстырылады. Бірақ, карантин еңгізілгеннен бері бұл бағыттағы қозғалыс тоқтатылды.

 Қазіргі таңда мемлекет қолдауына  әрбір кәсіпкер сенім арта алады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғындар төмен үстемақы бойынша несие алуға мүмкіндіктері бар. Мемлекет барлығына бірдей қолдау көрсетеді.

 Өнімді жұмыспен қамту мен жалпы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына белсенді қатысуларыңызды сұраймын, ойткені биыл объектілерді сумен қамту проблемасыда  оң шешімін тауып отыр.

Байланыс

 

Байланыс бөлімшесі  күн сайын 11.00 -15.00 с. жұмыс істейді. Зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыларды төлеу және төлемдерді қабылдау - халыққа көрсетіліп жатқан қызметтердің негізгі түрлері. Сонымен қатар Қазпоштаның жанында Jy̍san Bank терминалы орналастырылып, тұрғындарда кезексіз  ақшаларын алу мүмкіндіктері бар. Басылымдарға  жазылу жарты жыл сайын жүргізіледі. Басылымдардың  жылдық көлемі 128 дананы құрады, республикалық басылымдарға жазылу жоспары 95% орындалды. Басылымдар аудан орталығынан, демалыс және мерекелік күндерді алмағанда, аптасына екі рет жеткізіліп отырады.

Орнатылған цифрлі станция арқасында Капитоновка ауылының 318 абоненті телефон байланысын пайдаланып отыр. Іске қосылған «Мegaline»  жедел байланысын  216 абонент пайдаланып отыр. Ұлттық спутниктік  «Отау ТВ » телевидениесін 69 абонент көріп отыр. ID TV пайдаланушылардың саны қазіргі уақытта 32 абонентті құрайды.

            Ауылдық округ аумағында ұялы байланыстың сапасын арттыру туралы құзыретті органдарға 2018 жылы біз хат жолдаған болатынбыз, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің басшылығының айтуынша Капитоновка ауылында ұялы байланысты  ұлғайту 2020 жылдың аяғына дейін жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде, «250+» бағдарламасы аясында Beeline ұялы байланыс операторымен қатар, біздің елді мекендердің тұрғындары жоғары сапалы ұялы байланыс Kcell, Aсtive және кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізуге, сонымен бірге телемедицина, онлайн-білім алу және басқада цифрлы мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алды.

 

 

Елді мекендерді көркейту жұмыстары.

 

Округті көркейту мәселесі, соның ішінде Капитоновка ауылын көркейту, негізгі мақсатымыздың бірі болып табылады. 

Өткен жылы жасыл желек қоршауларын әктеу мен мемориалдық құрылыстарды сырлау,  стадионды көркейту жұмыстары жүргізілді.

Тұрақты түрде 27 000 м2 жерде арам шөп шабылады, күн сайын көшелер мен әлеуметтік объектілер маңында қоқыс жиналады.

Елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалық  пен көгәлдандіру айлықтарын өткізу шеңберінде жеке меншік аулалардан  5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 50 дана екпе көшеттер отырғызылды. Капитоновка ауылының орталығы мен оған тиіп тұрған аумақтарда 700 м2 гүлдер мен 200 м2  көгәл алаңы отырғызылды.

Жүйелі түрде ауыл ішіндегі және ауыл арасындағы тас қиыршығы төселген жолдар жөнделіп тұрады.

Барлық әлеуметтік саладағы объектілер жылыту маусымына сәтті кірісті, отынмен қамтылды. Әлеуметтік объектілерге қөмір уақытылы жеткізілуде.

 

 

Білім беру саласы.

 

Білім беру саласы  168 оқушысЫ бар 1 орта мектептен тұрады. Сонымен қатар мектеп ішінде  22 тәрбиеленушісі бар шағын-орталық та бар. Мұғалімдер штаты  39 адамнан тұрады. Кадрлар жетіспеушілігі  3 бірлікті құрайды, олар қазақ тілінде оқытушы география және биология мұғалімдері, музыка пәнәнің мұғалімі.

Мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту жалғастырылуда: мектеп алды оқыту тобы, бірінші мен он бірінші сыныптар аралығындағы  оқушылар, орыс тілді сыныптарымен қатар қазақ тілінде оқытылады.

Сонымен қатар, мектептің қоғамдық жұмысына белсенді қатысып жүрген орта мектеп жанында ата-аналар комитеті жұмыс атқарады.

Шалғайдағы ауылдарда тұратын  7 бала  «Газель» автокөлігімен мектепке жеткізіледі.

 

Денсаулық сақтау.

 

Тұрғындарға медициналық көмек көрсетумен ауылдық фельшерлік-акушерлік пункті айналысады. Бір медициналық қызметші, қосымша Балуан Шолақ және Пушкино ауылдырының тұрғындарына көмек көрсетеді. Науқастарды қабылдау мен емдеуге жақсы жағдай жасалған. Медициналық қызметшілер халықтың денсаулығын сақтау  және аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын скрининг және жылжымалы флюрографта тұрғындардың денсаулығы тексеріледі. Ауыр науқастарға көмек көрсетуге «Жедел жәрдем» көлігі қызмет етеді. Аптекалық киоск ашылу мәселесі оң шешімін тауып, тұрғындарды «Мухожаева Светлана» ЖК медикаментермен қамтамасыз етіп отыр.

 

Мәдениет саласы

 

Капитоновка ауылында  Мәдениет үйі  жұмыс атқарады. Ауылдық мәдениет үйінде кітап қоры  8666 дана құрайтын модельдік кітапхана қызмет көрсетеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында, аудандық кітапхана жүйесінің қоры есебінен, біздің кітапхана қосымша жабдықтармен және жиһазбен толықтырылды.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға жылыту жүйесі жөнделіп, фитнес жабдықтары орнатылды.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

 

Капитоновка ауылдық округіне 1 учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. 2020 жылы УПИ әртүрлі заң бұзушылық үшін 152 әкімшілік құжаттар толтырылды,  8 қылмыс тіркелді, Балуан Шолақ ауылында жайылымнан 22 бас қара мал жоғалуы, тіркелді, 3 адам мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Тұрмыста, көшелерде қылмыс жасауды алдын алу бойынша және әртүрлі оперативтік алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Капитоновка ауылында ұйымдар мен мекемелердің қызметшілерінен тұратын  халықтық еріктілер тобы құрылған. Жасөспірімдер қылмысын алдын алу шаралары тұрақты түрде бақылауда тұрады. УПИ ауылдық округінің мамандарымен бірлесіп тексеру шараларын өткізеді.

Округ аумағында үш ауылдық округке қызмет көрсететін өрт сөндіру депосы жұмыс істейді,  өрт сөндіру көлігі сияқты арнайы техникасыда бар.

Су тасқыны уақытында төтенше жағдайларды алдын алу мақсатымен Бақсұқ өзенінің арнасында аудандық төтенше жағдай бойынша бөлімнің мамандары наурыз айында мұзды жару жұмыстарын жүргізеді, «Журавлевка-1» ЖШС-тің арнайы техникасы ауылдық округтің барлық елді-мекендерінде тасқын сулардың жолын ашумен айналысады.

 

Спорт

 

Округ аумағында  дене тәрбиесі мен спортты дамытуға жақсы негіз бар,  жазғы стадионда жасанды жабындымен жабылған қоршалған волейбол алаңы жұмыс атқарады, спорт жабдықтары орнатылған, электр энергиясы қосылған, мектеп қабырғасында спортзал жұмыс істейді, қыс уақытында мектеп жанында хоккей корты пайдалануға қосылады, «Журавлевка-1» ЖШС ғимаратының ішінде тренажерлар залы жұмыс істейд, ауылдық Мәдениет үйінде республикалық бюджет есебінен фитнес жабдықтары алынып орнатылды.

 

БОЛАШАҚТА ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАРДЫ АТҚАРУ КЕРЕК:

  • Медициналық пункт ғимаратын курделі жөндеу;
  • Капитоновка ауылына кіреберіс 7 км жолды күрделі жөндеу;
  • Капитоновка ауылы ішіндегі 2,5 км жолдарды жөндеу: Школьная, Сарыарқа, Степная және Первомайская көшелері;
  • Капитоновка ауылының ұзындығы 880 м. көшелерін жарықтандыру: Сарыарқа, Тәуелсіздік, Островская көшелері;
  • Капитоновка ауылындағы өздігінен пайда болған қоқыс үйіндісін жою;
  • Капитоновка мен Пушкино ауылдары арасындағы қараусыз қалған 7 км. сұмен жабдықтау траншеясын жою.

 

            Сөзімнің соңында, округте әртүрлі сала бойынша дамуға үлкен перспективалар бар екенін атап өткім келеді. Бірлесе отырып біз жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз, біздің барлық күш-жігеріміз мемлекет басшысының, облыстық және аудандық әкімдіктердің саясатын жүзеге асыруға бағытталады. Біз тұрғындардан, аға буын өкілдерінен, барлық меншік нысандары құрылымдарының қызметкерлерінен қолдау мен түсіністік танытуды сұраймыз.

Казақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында:

 «Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында! Единство нации в ее многообразии! Бірақ нақты дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.Қазақстан – ортақ шаңырағымыз!» деген.

Өз тарапымнан  мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға баршаңызды шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі. Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде "Бірлік – ақылға бірлік" дегенін білесіздер. Елбасымыздың "Ел бірлігі – ең асыл қасиет" деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді.Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз, ауданымыз, соның ішінде біздің округіміз де  бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін!

Баршаңызға амандық, табыс тілеймінІ 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
15 января 2021