Ардақты ауылдастар және бұгінгі жиналысқа қатысып отырған куагерлер!
Бүгінгі жиналыс кешін ашуға рұксат етіңіздер!
Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Бұл қазақ мемлекеттілігінің қайта өркендеуі мен бостандыққа ие болуының маңызды кезеңі. Тарихтың өлшемі бойынша 30 жыл - бұл бір сәт. Алайда көптеген халықтар үшін бұл кезең қиындықтар мен жеңістерге, дағдарыстар мен жетістіктерге толы бүкіл кезеңді қамтыды. Біз де осы жағдайдан өтіп жатырмыз.
Тәуелсіздіктің отыз жылын шамамен үш онжылдыққа бөлуге болады. Осы кезеңдердің әрқайсысының өзіндік ерекше тарихи маңызы бар.
Бірінші онжылдық - бұл жаңа Қазақстанның негізін қалайтын уақыт. Елбасының басшылығымен мемлекеттік рәміздер бекітілді, тиімді билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валюта енгізілді. Қарулы Күштер құрылды. Еліміздің басты заңы қабылданды. «Қазақстан-2030» Стратегиясы қабылданды.
Екінші онжылдық - бұл біздің мемлекеттілігіміздің көкжиегін кеңейту кезеңі. Осы жылдар ішінде елдің позициялары едәуір нығайды. Экономикалық әлеует өсті. Біз мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асырдық. Есілдің жағасында салынған жаңа астана ұлттық рәмізге айналды.
Үшінші онжылдықта олар өздерінің дамуында бұдан да үлкен биіктерге жетті. Мемлекеттік шекараға қатысты мәселелер түпкілікті шешілді. Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру мақсаты көрсетілген «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданды.
Төртінші онжылдықтың негізгі мақсаттары - қуатты мемлекет және бәсекеге қабілетті ұлт.
Енді бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін көбейту, елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығару мүмкіндігі ұсынылды.
Біз бұл мақсаттарға Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету және жүйелік реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз
«Ерголка ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына сәйкес өз міндетін атқарып келеді.
Ерголка ауылдық округі аумағына 4 елді-мекен кіреді: жалпы адам саны – 1261 адам, округ орталығы Тоқтамыс ауылы, адам саны-717 адам, Иванковка селосы – 214 адам, Новокиевка селосы – 108 адам, Гордеевка селосы – 222 адам. Туу көрсеткіші – 13 сәби, өлім-жітімі – 17 адам, 73 адам НұрОтан партиясына мүшелік етеді. Округ бойынша аула саны – 420. Округта 201 зейнеткер және 43 мүгедек жандар бар, 712 адам жұмысқа жарамды болып табылады, оның ішінде690 жұмыспен қамтылған.
Әкімдік мамандарымен үй-үйді аралау шаралары жүргізілді. 01.01.2020 ж. ІҚМ саны- 17033бас, ҰҚМ саны – 1132 бас, жылқы – 886 бас, шошқа – 643 бас, құстар саны – 6736 дана.
Мал дәрігерлік қызметімен жергілікті мал дәрігерлерімен сібірлік қарасан ауруына қарсы ауылшаруашылық малдарына,атап айтсақ: ІҚМ – 2600 басқа, ҰҚМ – 1700 басқа, шошқа – 500 басына вакцинация жүргізілді. Сонымен қатар, туберкулез ауруына қарсы: ІҚМ – 3000, бруцелез ауруына қарсы: ІҚМ – 2700 басқа, ҰҚМ – 2000 басқа вакцинациялары жүргізілді.
Ауылшаруашылық саласы:
Округ аумағында 6 ірі ауылшаруашылық ұйымы, 1 ҚШ, 26 шаруа қожалығы бар, барлығы дәнді-дақылдар өсірумен айналысады, оның ішінде, 5 қосымша мал шаруасымен айналысады. 2020 жылы табиғи құбылыстарға қарамай аталған барлық шаруа қожалықтары астық дақылдарын жинап, жұмыскерлермен есептескен.
Кәсіпкерлік:
Кәсіпкерлік саласында округ бойынша 6 дүкен азық-түлікпен және тұрмыстық жабдықтармен қамтамассыз етуде. Ерголка округі облыстық, аудандық жәрмеікелерге белсене қатысады. Ет өнімдерімен Абрамочкин В.Н. және Максименко А.А. қамтамассыз етсе, ал сүт өнімдерімен қарапайым халық қамтамассыз етуде.
Коммуналдық шаруашылығы:
Округта 3 су құбыры бар. Өкінішке орай 2 өте нашар жағдайда,атап өтетін болсақ (Новокиевка мен Гордеевка селолары). Су құбырлары 100 % тозығы жеткен. Иванковка селосында су тасымалданады. Ондай міндетті өз мойнынан алып отырған «Иванковка НС» ЖШС. Уақытылы су құбырлары дезинфекцияланып,құбырлар шайылып отырылады.
Әлеуметтік саласы:
Округта 3 мектеп, оның ішінде 1 орта, 2 негізгі, 2020 жылдын тамызында Новокиевка бастауыш мектебі окушылар саны аз желіде жабылды. Жалпы мектеп оқушылар саны – 198 бала, ұстаздар саны – 54.
3 мектепте шағын-орталықтар істеп келеді. Мектепке дейінгі балалар саны – 27 бала. Халық телефондық байланыспен 400 абонент қамтылған және 85 мегалайн байланысы, сонымен қоса 40 Отау ТВ антеналары орнатылған. Пошталық бөлім халыққа тиімді жұмыс істеуде.
Денсаулық саласы:
Округта 1 ФП және 1МП бар. Гордеевка ауылында медицина қызметкері жоқ. Медициналық пунктінде шатыры жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Спорт саласы:
Округ аумағында Гордеевка НМ мен Тоқтамыс ОМ 2 спортзал өз жұмысын атқаруда. Үнемі спорттық үйірмелер өткізіліп келеді.
Мәдениет саласы:
Округта 3 ауыл үй мәдениеті және 3 кітапхана жұмыс істеуде. Жалпы кітап қоры 16076 кітап болса, оның ішінде 4234 мемлекеттік тілде. Үнемі аталған мекемелерде алдын-ала жоспарланған іс-шаралар өткізіледі. Жеңіс күні қарсаңында, тыл жұмыскердлеріне, ауған ардагерлеріне, интернационал-жауынгерлер қаза тапқан отбасыларына, азық-түлік пакеттері үлестірілді.
Округ аумағында қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау аясында азық-түлік пакеттері үлестірілді. Гордеевка селосында «Журавлевка-1»ЖШС демеушілік көрсетуі арқасында, барлық зейнеткерлерге азық-түлік пакеттері үлестірілді.
Абаттандыру саласы:
Округ аумағы тұрғындары тазалыққа аса зор мән беріп, соның арқасында үш тазалық айлары өткізілді. Барлық округ аумағындағы ескерткіштер мен обелисктер жөндеу жұмыстарынан өткен.
Жұмыспен қамту: тазалыққа аса зор мән беріп, соның арқасында үш тазалық айлары өткізілді. Барлық округ аумағындағы ескерткіштер мен обелисктер жөндеу жұмыстарынан
2020 жылдың 3 сәуірінен бастап жұмыссыздар қатарынан 2 адам қоғамдық жұмыстарға орналысты, содан кейін осы жылдың мамыр айында тағы 4 адам жұмыспен қамтылды. Әкімдік аппаратында заңды тұлғалармен қарапайым азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, шаруашылық анықтамалар берілуде, ӘМК құжаттарын рәсімдей шаралары жүргізілуде (2020 ж. 1 отбасы құжаттары қарастырылып,рәсімделген). 18 мүгедек жандар арасынан, 10 жұмыспен қамтылған.
Құқық қорғау саласы:
Барлық елді-мекенде полиция инспекторымен тәртіп реттеу жұмыстары қолға алынған, әкімшілік мамандары арасында кезекшілік кестесі құрылған.
Әкім мен аппарат жұмысы азаматтардың тұрмыс әл-ауқатын жақсарту мен селолық округте қауіпсіз және дұрыс өмір сүру салтын қалыптастыруға орасан көп күш жұмсалуда.