Құрметті жерлестер!
Өздеріңіз білетіндей ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте өзінің «Жаңа жағдайдағы қазақстан іс-қимыл кезеңі"» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгі нақты міндеттерді қойды.
Алға қойылған барлық міндеттерді ескере отырып, Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты өз жұмысын атқаруда. Халқымыздың тату өмір сүріп, өсіп-өркендеуі, бейбітшілік, экономикалық және саяси тұрақтылығы, бұл-Қазақстанның тәуелсіз жылдарында құрылған саясы жолдың мақтанышы мен жетістігі.
Біздің ауылдық округке 3 елді мекен кіреді: Вознесенка ауылы, Аққайын және Тастыөзек ауылдары, жалпы үйлердің саны 563, халықтың саны -1797 адам.
Ауылдық округ тұрғындарының көпшілігі ауылшаруашылық құрылымдарында, атап айтқанда «Фирма Нанар» ЖШС, «Журавлевка-1», «Макинское» ШҚ, «Бұланды Мекен» ЖШС, сондай-ақ Купчановка ПМСМ (медициналық-санитарлық мекемесі), Отрадненское КММ, Макинск құс фабрикасы, «Karim Group» ЖШС, сауда, кәсіпкерлік қызметте, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысуда.
Халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға қосалқы шаруашылықтың зор ықпал ететіні сөзсіз. Мал шаруашылығының көпшілігі жеке меншіктің қолында. Үйлерге жүріп алынған мәліметтер бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға жалпы үйлердің саны 563, соның ішінде қосалқы шаруашылығы барлар 257 үй. Халық қолындағы- ірі қара мал саны - 575, «Karim Group» ЖШС-260 бас, халықтың қой саны- 681, «Макинское» ШҚ -100 бас, жылқы саны – 115 бас, «Karim Group» ЖШС- 414 бас, «Буланды Мекен» ЖШС – 21 бас, халықтың шошқа саны - 295бас, құс- 3167 дана.
Ауылдық округінде мал дәрігерінің орны бос. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспары бойынша мерзімде және толық көлемді орындалады. Ірі қара мал басы туберкулез және бруцеллез вакцинациясы, сібір жарасы, қарасан ауруларынан 100% енгізілді.
Білім. Вознесенск ауылдық округте 3 мектеп бар: Вознесенка орта мектебі, Аққайын және Тастыөзек негізгі мектебі. Оқушылардың саны - 311 және мектепке дейінгі даярлық сыныптарға - 30 оқушы барады. Вознесенка селосымен Аққайын ауылында балабақшаның шағын-орталыгы, Тастыөзек ауылындағы «Бота» балабақшасы бар.
Жаңа оқу жылына мектептерде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау. Округ тұрғындарына бір дәрігерлік амбулатория және бір фельдшерлік пункт медициналық қызмет көрсетеді, сонымен қатар дәріхана пункті бар. Тастыөзек ауылында фельдшерлік пункті уақытша жұмыс істемейді. Әрбір участкесінде мамандандырылған фельдшерлер бекітілген. Вознесенка дәрігерлік амбулаториясында бас дәрігер жоқ, медициналық қызметкерлер толық штатпен жұмыс істеп жатыр. Ауылдық округ бойынша 2019 жылда - 19, 2020 жылда - 18 cәби дүниеге келген. Жалпы өлім саны 2019 жылда – 16 адамды, 2020 жылда - 27 адамды құрады.
Байланыс. Ауылдық округінің тұрғындары барлық телефондандыру құралдарымен қамтамасыз етілген.
Округте 2 ұялы байланыс мұнаралары бар: Билайн және Актив, халық интернет қызметін пайдаланады.
Пошта. Поштаны аптасына 2 рет аламыз.
Кәсіпкерлік. Округте 11 жеке меншік дүкен бар, соның ішінде 2 - дүкен Тастыөзек ауылында, 1- дүкен Аққайың ауылында және 8 - дүкен Вознесенка ауылында. Дүкендер азық-түлік пен өнеркәсіп тауарлары ассортименті мол және халықтың сұранысын толық қанағаттандырады. Ауылдық округі аумағында 1 АЖС, 1 ағаш өңдейтін цех бар.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы Бірінші бағыт бойынша 2 адам кәсіби оқуын аяқтады. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша - 1 адам сертификат алды. 7 адам үшінші бағыт бойынша жұмысқа орналастырылды.
Мәдениет. Тастыөзек ауылында ауылдық клубы жұмыс істейді. Жылдық мерзімге байланысты клубта мәдениетті іс-шаралар өткізілді. Округте екі ауылдық кітапхана жұмыс істейді.
Мемлекет Басшысының "Рухани жаңғыру" қоғамдық сана жаңғырту жөніндегі бағдарламалық мақаласын іске асыру.
"Рухани жаңғыру" бағдарлама аясында ауылдық округінде келесі іс-шаралар жүргізілді: 5 кітап көрмелер, 5 концерт. Қазақстаның киелі орындар тізіміне Балуан Шолақ ескерткіші еңгізілген, сонда жылдың арасында мектеп оқушылары мен аудан тұрғындары экскурсия өткізіледі.
Спорт. Округте спортты дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мектепте спорт түрлерінен секциялар, үйірмелер жұмыс істейді. Округ және мектеп спортшылары аудандық жарыстарға қатысып жүлделі орындар алып келеді.
Сумен жабдықтау. Округ тұрғындары ауыз сумен ұңғымадан және құдықтардан қамтамасыз етіледі. Көктемде және күзде дезинфекциялау жүргізілген сондай-ақ, ай сайын су зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Вознесенка селосында және су құбыры болмауы, мәселе күйінде қалып отыр.
Абаттандыру. 2020 жылдың ішінде елді мекенді көркейтуге байланысты белгілі жұмыстар атқарылды: арам шөптен тазартылды, бағаналар мен ағаштар әктелді, елді мекендердің аумағы қоқыстан тазартылды. Жыл сайын елді мекендерді абаттандыру айлығы өткізіледі. ҚТҚ полигонына қоқыстар толығымен үйіледі. Көктемгі және күзгі ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмыстары жүргізілген. Ескерткіштер мен обелисктер, автобус аялдамасы әктеліп ретке келтірілген. Көшелерді қардан тазалау Вознесенка ауылының «Фирма Нанар» ЖШС, Аққайың ауылында –«Журавлевка-1» ЖШС, Тастыөзек ауылында - «Бұланды Мекен» ЖШС және «Karim Group» ЖШС-нің күшімен жүргізіледі,
Халықты әлеуметтік қорғау. Әкімдіктің жұмысында мүгедектермен, зейнеткерлермен және тыл еңбеккерлерімен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Округтың барлық тұрғындарына әлеуметтік карта тұрғызылды, ол арқылы халықтың жұмыспен қамтылу динамикасы, азаматтардың әлеуметтік жағдайлары бақылауға алынады.
Округте 62 мүгедек еңбекке жарамды, оның ішінде 8 бала, 298 зейнеткер, 34 тыл еңбек ері, 20 ақталған адамдар, 20 көп балалы аналар тұрады. Ауылдық округтің аумағында төрт жалғыз тұратын қарт пен, 18 жастан аскан мүгедек адамдарына және екі мүгедек балаға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер бар. 2020 ж. 5 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Құқық тәртібі. Әкімдік жұмысының ерекше көңіл бөлетіні ол заңдылық пен қоғамдық тәртіп. Ай сайын әкімдікте кешкі уақытта құқықтық тәртіп бойынша кезекшілік ЕХЖ кестесі жасалады.
Вознесенка ауылдық әкімінің аппараты қызметі
Ауылдық округі әкімінің аппараты "Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. "Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен 2020 жылы - 46мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде: 43 - «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білімі беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну» қызметтер, 3 – «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін құқықтандыру» қызметтері.
247 дана - әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы анықтама берілді.
Ауылдық округ әкімімен 2020 жылы - негізгі қызмет бойынша 40 өкім шығарылған. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы - тұрақты жүргізіледі.
Өткен кезеңде 10 өтініш, жазбаша түрде тіркелген: 7, жеке қабылдауда – 3;
Әкімінің аппаратында 262 кіріс хат-хабарлар және 162 шығыс хат-хабарлар келіп түскен.
Ауылдық әкімдіктердің атқаратын негізгі бақыттарының бірі нотариаттық іс-әрекеттерболып табылдаы. Барлығы 2020 жылға 3 нотариаттық іс-әрекеттері жасалды, оның ішінде 3 сенімхат.
Жеке аулалардағы малдарды есебі және қозғалысын есепке алу округте тұрақты жүргізіледі. Әкімнің аппаратында 37 шаруашылық кітаптары және 1 шаруашылық кітабы толтырылған.
Бастапқы есепке алу әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылары бойынша әкімінің аппаратының мамандары мен үлкен жұмыс жүргізілуде. Ауылдық округінде әскери есепте 263 әскери міндеттілер тұрады, 57 - әскерге шақырылушылар, 1- офицер. 2020 жылы ҚР қарулы күштері қатарына 6 - адам шақырылды. Ерекше әскери кезеңде арналған – 41 адам есепке тіркелінген, 2003 жылы туған - 5 жасөспірім тіркеуден өтті. Бұл жұмыстар Бұланды қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен үнемі тығыз байланыста өткізіледі. Округ әкімі өз жұмысын жылдық және жарты жылдық жоспарларына, Ереже негізінде ауылдық округі әкімінің аппараты туралы регламентіне сәйкес орындайды. 2020 жылы бюджеттік қаражатты игеру 100% - ды құрады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары шеңберінде өткізілетін шаралар.
Әкім аппаратының қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілерінің алдын алу мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заны және Қазақстан Республикасы этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерін сыбайлас жемқорлық көріністерін қатаң сақтау. Өтініш қабылдау жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін лауазымды тұлғалардың, заңсыз әрекеттері, көрінетін, қол жетімді жерде жәшігі орнатылған. "Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әр мемлекеттік қызметшінің, мүлтіксіз сақтау, мемлекеттік және еңбек тәртібін жауапкершілігі арттырылды. Селолық округі әкімінің аппаратында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стенды бар, сенім телефондары мен парақшалар орналыстрылған, мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлері арасында дөңгелек үстелдер тұрақты негізде өткізіледі
2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары
Алдағы 2021 жылы бізде жоспарланған:
Біздің міндетіміз Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақсартуға, халықтың әлеуметтік, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру, олар туралы заңында көрсетілген республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңымен белгіленген біздің мамандармен ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру. Біздің ауылдық округ - біздің ортақ үйіміз, немқұрайлы емес адамдар біздің округімізде өмір сүріп жатыр - осында және біз бірлесе көздегенімізді орындаймыз.
Ең бастысы біздің елімізде бейбітшілік пен тыныштық болуын тілеймін, жұмыста табыс, мықты денсаулық, отбасылық бақыт болсын.
Назарларыңызға рахмет!