Никольск ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қортындылары және 2021 жылғы негізгі міндеттері бойынша есебі

Құрметті Никольск ауылдық округінің тұрғындары!

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдерінің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының  халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  ҚР Президентінің  жылғы  ақпандағы жарлығына орындау мақсатында сіздердің назарларыңызға 2020 жылы атқарылған жұмыс және маған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер.

Никольск ауылдық округіне екі елді мекен тиесілі. 01.01.2021 жағдай бойынша  халық саны 1580 адам, 448  шаңырақ бар. Жұмысқа жарамды  795 адам,  зейнеткерлік  жастағы 226 адам, мүмкіндігі шектеулі 69 адам(1 бала).

Шағын  кәсіпкерлік саласында ауылдық округте 7 азық түлік және 3 тұрмыстық  дүкен бар. Никольск ауылындағы наубайхана халық сұранысын   100 % қамтамасыз етіп отыр. Есеп беріп отырған жылы  қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар есебінен 3 адам қатысты. сонымен қатар 7  адам жұмысқа орналастырылып, 5 адам тұрақты жұмыс орнына,  2 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылды.

01.01.2021 жылғы жағдай бойынша экокномикалық белсенді адамдардың саны - 795 құрап, олардың жұмыспен қамтылғаны - 749.

Ауылдық округ аумағында негізгі  ауыл шаруашылық өндірісі "Никольское" ЖШС және "Шаруа - Көкше" ЖҚ тиесілі. Округте 3 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Округ аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындар жоқ.

2020 жылдың соңында  жылы 4 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, бұл – 24 адам оның ішінде 16 бала.  "Бастау бизнес "бағдарламасы бойынша 6 адам сертификат алып, онлайн оқудан өтті. Оның ішінде 4 адам өз ісіне 10 млн 200 мың  теңге несие алды.

Есептік  кезеңде әкім аппаратында 2 маман қызмет жасады. Есептік жылы 37 нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Оның 35 – өкім, 2 – шешімдер.   6 өтініш қарастырылды.

2020 жылы әкім аппаратымен жалпы 14 мемлекеттік қызмет көрсетілген, олардың: 9-  оқушыларды тасымалдау,  5- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және “Egov.kz”  өзіндік қызмет көрсету пункті бойынша  410 қызмет көрсетілген. Өзіндік қызмет көрсету пункті бойынша ең өзекті қызметтер ЭЦҚ қашықтықтан алу, нарко- психо анқытамаларын алу, жәрдемақыға тапсыру және карантин уақытында кіріснен айырылуына байланысты 42 500 теңгеге тапсыру бойынша қызметтер көрсетілді.  Қазіргі уақытта әкімдіктің Өзіндік қызмет көрсету пункті арқылы көптеген анықтамалар мен құжаттарды аудан орталығына бармай алуға болатынын айта кеткіміз келеді. Оны жалпы көрсетілген қызметтер санынан да байқауға болады

Ауылдық округте  2016 жылдан бері нотариалдық іс – әрекеттерді жүргізетін маман жұмыс істеп келеді. 2020 жылы 66 нотариалдық құжат рәсімделген.

 

 

 

Ауыл шаруашылығы

2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдағанын білесіздер. Жолдауда Президент «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп айтып өтті. Осыған орай жыл сайын ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген бағдарламалар қарастырылып, жеңілдетілген несиелер беріліп келеді. Никольск ауылдық округінің халық санының жыл сайын азаюына қарамастан жергілікті тұрғындардың мал басын көбейтіп отырғаны байқалады.

 

Ауылшаруашылық кітабын толтыруда 2021 жылдың  01 қаңтарғы жағдайы бойынша 

* ІҚМ  – 1175 бас  

* ҰБМ – 2284 бас 

* Жылқы  – 498 бас

* Шошқа  – 75 бас 

*  Құстар- 3160 дананы құраған.

Өздеріңіз білесіздер 2020 жылы қыркүйек айында Никольск ауылында жоғары патогенді құс тұмауы тіркеліп, ауыл ішінде карантиндік шара енгілген болатын.  Құс тұмауына байланысты кейбір отбасылардың құстары жоюға жіберілді. Осыған орай биыл ауылдағы құс саны кеміп отыр.  Мал басының өсімімен ауылдағы мәселерлерді де айтып өту керек. Қазіргі уақытта барлық аумақтарда жайылым жерлер тапшы. Никольск  ауылынада мал басына шаққанда 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 9553,5 га жайылым жер қажет. Аталмыш мәселе аудан, облыс төңірегінде көтеріліп шешімін таппай отырғаны белгілі.

Қазіргі таңда ауыл шаурашылық субъектілерінде

  1. «Никольское» ЖШС - 94 ІҚМ,
  2. «Аманат» ШҚ - 45 ІҚМ, 7 жылқы , 21 – ҰБМ
  3. «Шахатов Р.Т.»ШҚ -260 ІҚМ

 

 

Білім саласы

Округ аумағында 4 мектеп, саны 97 оқушыдан тұратын Никольск ОМ, Елтай ОМ – 142 оқушы, Елтай БМ - 11 және Ұлтуған БМ – 6 оқушы жұмыс істейді. Сондай-ақ Никольск орта мектебінде 40 орындық шағын орталық бар.

  1. Никольск ОМ 1982 жылы салынған. 2020 жылға түлектер саны - 2, қызметкерлердің жалпы саны-45 адам, оның ішінде мұғалімдер-24 адам, жоғары білімді мұғалімдер-21 адам, орта білімді мұғалімдер-3 адам.

Шағын орталық бойынша: барлығы- 6 адам, тәрбиешілер-4, жұмысшылар-2. Балалар саны – 36.

Бос орындар: 2021 жылға Никольск ОМ математика мұғалімі - 1, Физика – 1, Химия – 1, ұл балаларға арналған технология - 1 талап етіледі.

  1. Елтай ОМ 1982 жылы салынған. Оқушылар саны-142 адам, 2021 жылы бітіретіндер саны-20, қызметкерлердің жалпы саны - 36, оның ішінде мұғалімдер саны-21 адам, жоғары білімді - 19 адам, орта білімді 2 адам санаты бойынша: жоғары - 8, бірінші -6, екінші – 5, санаты жоқ -2. Педагог зерттеуші - 2, педагог сарапшы-2, педагог модератор-2,.

Бос орындар: 2021 жылға химия мұғалімі – 1, ағылшын тілі -1, орыс тілі -1 адам қажет.

  1. Елтай БМ – де оқушылар саны-11 адам, қызметкерлер саны-10 адам, оның ішінде мұғалімдер саны-5 адам, жоғары білімді-2 адам, орта білімді - 3 адам. Санаты бойынша: жоғары - 1, бірінші-1, екінші-1, санаты жоқ 2 мұғалім. Педагог сарапшы – 1.

2020 жылға Бос орындар жоқ

  1. Ұлтуған БМ – де Оқушылар саны-6 адам, қызметкерлер саны-6 адам, мұғалімдер саны-2 адам, жоғары білімді 1 адам.

 

Биылғы карантин шараларына байланысты барлық мерекелік, спорттық шаралар онлай форматта өткізілді.  Мектеп оқушылары онлайн форматта аудандық Абай оқуларына,  пәндік олимпиадаларға қатысты.

 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау

Никольск ДА  екі  селолық округке қызмет көрсететді.  Қызмет көрсету аумағы Макинск -65 км, Ұлтуған-12 км, 32- разъезд км, Алтынды-20 км, Боярка-14 км, Ельтай а. -7 км, Жаңаталап-30 км, Алаколь-40 км.

Никольск ДА 1980 жылы салынған икемделген ғимаратта орналасқан. 2018 жылы ғимарат түпкілікті жөндеуден өтті.   Ғимаратта пешпен жылыту, орталықтандырылған су құбыры, канализация бар, телефон, 2 компьютербар. Қызметтік көлік 2004 сатып алынған. Ғимаратта дәрігер бөлмесі,  қарау кабинеті, процедуралық бөлме, екпе салу,  лаборатория, физио , тіркеу бөлмелері бар және күндізгі стационар бөлмесінде 2 төсек орналасқан, сонымен қатар дәріханалық  дүңгіршек бар.

Қызметтік құрам:  акушер -1ст, лаборант -жоқ, медбике – 3,75 ст, әлеуметтік қызметкер  -1 ст.

2020 жылы туылғандар – 20 адам, қайтыс болғандар – 10 адам.  

Ана мен бала өлімі тіркелмеген

Флюрографиялық тексерістен өтуі тиіс адам саны  1894, ал тексерістен өткендер 1748(92%). Үйде босану фактілері тіркелмеген. Жүкті әйелдер уақытылы тіркеуге алынып, қадағаланып отырады. Ересектер мен балалардың профилактикалық екпелері  жоспар бойынша өткізіліп отыр.  Селолық округте бір әлеуметтік қызметкер  бір   мүмкіндігі шектеулі балаға және екі жалғыз басты зейнеткерге  қызмет көрсетеді.

 

Аббаттандыру

2020 жылдың қазан айында Ақмола облысы әкімінің шешімімен  Никольск ауылына қысқы мерзімде жол тазалау үшін трактор бөлінді. Қазіргі уақытта аталмыш трактор ауылдық округ әкімі аппаратының балансына тіркеліпген.  2020 жылдың желтоқсан айында трактор жол тазалау жұмыстарына пайдаланылды.

 Жыл сайын округ аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2020 жылы ауылдық округ «Бірге, таза Қазақстан» экологиялық акциясына, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық акциясына қатысты. Көктемгі-күзгі айлық барысында сенбіліктер өткізілді, сенбіліктен басқа қоғамдық қызметкерлермен аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.  

Көктемде және күзде су тасқынын алдын алуды ұйымдастыру мақсатында барлық су өткізу көпірлері, ауылдың негізгі және орталық көшелері тазартылды.

Халыққа бірінші кезекте қажетті тауарлармен қызмет көрсету жолдардың жай-күйіне тікелей байланысты.

Ауылдық округтің күрделі мәселелерінің бірі жол жөндеу болып табылады Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы 17.4 км құрайды, олар негізінен қанағаттанарлық жағдайда.

Ең маңызды мәселелердің бірі ұзақ уақыт бойы су құбырын жөндеу болып қалуда.  2020 жылы  Никольск ауылындағы су құбырларын жөндеу үшін 10 млн теңге бөлініп жобалық- сметалық құжат жасалды. Келер жылы Никольск ауылындағы су құбыры толық жөндеуден өткізу жоспарға қойылып отыр. Ал қазіргі уақытта қолданыстағы су құбыры толығымен тозған, оның тозуы 90 пайызға жетті. Оның ұзындығы 36 км, көше бойларында 18-ге жуық су реттегіш құралдары бар.

Сондай-ақ көктемгі-күзгі суды хлорлау жүргізу ұйымдастырылып «Ұлттық сараптама орталығымен»  шарт жасалған. Никольск ауылын  сумен жабдықтау жер асты көздерінен жүзеге асырылады.

Салық.

 2020 жылға салық базасы  

  1. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 55 396 тенге.
  2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық – 126 000 тенге.
  3. Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы – 123 000 тенге.
  4. Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық – 1 762 712 тенге.
  5. Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық – 150 000 тенге.

Ел Президенті өзінің 2020 жылғы қыркүйектегі жолдауында 4 негізгі міндетті атап көрсеткен болатын. Соның бірі  - миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру болып табылады. Осы ретте ауылдың хәл-  ауқатын арттыруға байланысты мемлекеттік бағдарламалар бекітіліп, негізгі қаражат ауылдарға бағытталатынынын аңғартты. Осыған орай ауылымыздың азаматтарын өз жеріміз бен мекенімізді бағалауға, баптаға, тазалықты сақтауға шықырамын.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
15 января 2021