Бұланды ауданы Карамышевка ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының 113-1 баптың 1 тармақ 1 тармақшасына, 2 тармағына, 4 тармағына,  Бұланды  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы  № 52/37 қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 13 қыркүйектегі Карамышевка ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз.

Бұдан басқа, Карамышевка ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылды.

 

 Бұланды аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 августа 2026