
Әлеуметтік қорғау
"Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-де штаттық кестеге сәйкес 8 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Бөлімде 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 8-і азаматтық хал актілерін тіркеу саласында көрсетіледі, 2022 жылдың мамыр айынан бастап бөлім арқылы "Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту" қосымша қызметі көрсетіледі.
"Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметтерінің көлемі: атаулы әлеуметтік көмекті, тұрғын үй көмегін, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті төлеуді, үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді, жұмыс істейтін және ауылдық жерлерде тұратын педагогтерге отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетуді қамтиды.
Бұланды ауданында 1339 Мүгедек адам тұрады, оның ішінде 1 топ-219 адам, 2 топ-365 адам, 3 топ-640 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар 115. Мүгедектігі бар адамдарды сурдотехникалық, протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық құралдармен, сан-курмен емдеумен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, гигиеналық және өтемдік құралдармен қамтамасыз ету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүргізіледі. Бөлім мамандары тапсырыстарды ресімдеуде мүгедек адамдарға практикалық көмек көрсетеді, бейімдеу объектілері бойынша шығулар жүргізіледі, бейімделген объектілер Inva.gov базаға енгізіледі.
Бөлім басшысы өмірлік қиын жағдай туындаған кезде кез келген уақытта жедел әрекет ететін жедел әрекет ету тобының құрамына кіреді.
Бөлім мамандары ауданның қоғамдық, спорттық, мәдени өміріне белсенді қатысады.