2023 жылғы «Бұланды ауданының Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2023 жылғы «Бұланды ауданының Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылы "Бұланды ауданы Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрі көрсетілді:

  1. "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру";
  2. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
  3. "Жер учаскесін алуға кезекке қою";
  4. "Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату";
  5. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу";
  6. "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту".
  7. "Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)".

2023 жылы 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде:

  1. "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру". 2023 жылы өтініштер түскен жоқ;
  2. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру". 2023 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 2 қызмет көрсетілді;
  3. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу". 2023 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 6 қызмет көрсетілді;
  4. "Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату". 2023 жылы өтініштер түскен жоқ;
  5. "Жер учаскесін алуға кезекке қою". 2023 жылы өтініштер түскен жоқ.
  6. "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту". 2023 жылы өтініштер түскен жоқ.
  7. "Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)". 2023 жылы өтініштер түскен жоқ.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 96 қызмет көрсетілді.

Қызметтер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Әкімдік тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен ережелері туралы келесі түсіндіру жұмыстарын жүргізді: "Facebook", "Instagramm" әлеуметтік желілерінде аудандық газетке мақалалар жарияланды.

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

 

2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан "Бұланды ауданы Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне шағымдар түскен жоқ.

 

   Ақпарат байланысы:

 Журавлевка ауылы, Комсомольская көшесі, 3 үй, байланыс телефоны 871646-37-321

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

 

            Ауылдық округ әкімі                                                             Т. Гильгенберг

 

 

 

 

 

2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
Дата публикации
12 февраля 2024