GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
Жергілікті өзін-өзі басқару
07 августа 2026
Құқық кабинеті

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Құрметті Ақмола облысы, Бұланды ауданы,

Никольск ауылының тұрғындары!

 Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Никольск ауылының азаматтардың  құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында  халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық  актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.

«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ,НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «АшықНҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

Құрметті Никольск ауылының тұрғындары құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Никольск ауылы, Советская 5А көшесі, мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз. Жұмыс уақыты: 09:00-18:30 сағат.

Жергілікті өзін-өзі басқару
09 июня 2026
Буланды ауданы әкімінің халықпен кездесуі өтті.

Буланды ауданы әкімінің халықпен кездесуі өтті. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы және тұрғындарды толғандыратын өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Аудан әкімі атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берді. Ашық диалог барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелерді көтерді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.

Азаматтарды қабылдау
01 июня 2026
Никольск ауылдық округ әкімі 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының есептік кездесуін өткізді.

Никольск ауылдық округ әкімі қатысушыларды 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару
29 мая 2026
Құрметті Никольск ауылының тұрғындары, тұрғындар жиыны өтетінін хабарлаймыз!

Құрметті Никольск ауылының тұрғындары!

Әкімшілік-аумақтық бірліктерді, елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу қағидаларына сәйкес Никольск ауылдық округі Никольск ауылы қайта атау мәселесі бойынша 2026 жылғы 11 маусым сағат 11-00-де әкімдік ғимаратында, Никольск ауылы Советская көшесі 5А мекенжайы бойынша жергілікті қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен тұрғындар жиыны өтетінін хабарлаймыз.
Барлықтарыңыздан белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.
Никольск ауылдық округінің әкімдігі

Азаматтарды қабылдау
25 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті ауыл тұрғындары!!! 9 маусым (сейсенбі) Бұланды ауданы әкімінің халықпен кезекті кездесуі өтеді Өткізілетін орны: Никольск а., «Никольск ауылының №2 ЖОББМ» КММ Өткізу уақыты: 12:00 сағат Әкімдік

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті ауыл тұрғындары!!!
9 маусым (сейсенбі) Бұланды ауданы әкімінің халықпен кезекті кездесуі өтеді Өткізілетін орны: Никольск а., «Никольск ауылының №2 ЖОББМ» КММ
Өткізу уақыты: 12:00 сағат

Әкімдік

Азаматтарды қабылдау
25 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті Никольск ауылының тұрғындары!!! 1 маусым (дүйсенбі) ауыл әкімінің I- жартыжылдық бойынша кезекті кездесуі өтеді.

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті Никольск ауылының тұрғындары!!!

1 маусым (дүйсенбі)
ауыл әкімінің I- жартыжылдық бойынша кезекті кездесуі өтеді.

Өткізілетін орны: Никольск а., Никольск ауылдық округі әкімдігінің ғимараты
Өткізу уақыты: 11:00 сағат

Әкімдік

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық
04 мая 2026
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында ауыл аумағында ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: ағаштардың қураған және апатты бұтақтарын кесу жұмыстары атқарылуда.

Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында ауыл аумағында ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: ағаштардың қураған және апатты бұтақтарын кесу жұмыстары атқарылуда.

Мемлекеттік қызмет
02 апреля 2026
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы бұқаралық талқылауды өткізу қорытындылары туралы жобаның қорытындысы «Бұланды ауданы Никольск ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы бұқаралық

талқылауды өткізу қорытындылары туралы

жобаның қорытындысы

«Бұланды ауданы Никольск ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ

(ОМО/ЖАО) атауы

 

  1. Бұқаралық талқылауды өткізу күні: 2026 жылдың 1 наурыз  мен 31 наурыз аралығында
  2. Бұқаралық талқылауды өткізу әдісі:Ашық
  3. Бұқаралық талқылауды өткізу туралы хабарлау әдісі: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy?lang=ru аудан  әкімінің интернет ресурсы
  4. Бұқаралық талқылауға қатысушылардың ұсыныстары мен (немесе) ескертулерінің тізімі:

 

№

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., ұсыныстар мен (немесе) ескертулер енгізген ұйымының атауы

Бұқаралық талқылаудыңшеңберінде түскен ұсыныстар мен (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны

Ұсыныстар мен (немесе) ескертулердің қабылдағаны немесе қабылдамағаны

туралы мәлімет

Ұсыныстар мен (немесе) ескертулердің қабылдауы немесе қабылданбауы

бойынша дәйектеме

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

-

-

-

-

-

 

  1. Қосымша мәліметтер: __________________________________________

 

 

Никольск ауылдық

округінің әкімі     _______________________                         Ж.Шахатова

Жергілікті өзін-өзі басқару
20 марта 2026
«Миллиондық жеткізілім»

Баспасөз хабарламасы
«Миллиондық жеткізілім»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік
тәуекелдерін болжау орталығы жаңа алаяқтық толқын туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің ақпараты бойынша
(https://www.theguardian.com/money/2026/mar/01/cleaning-superstore-the-missed-deliverytext-
scam-whatsapp, https://dzen.ru/a/aa5EsIuKNzrADYS3) зиянкестер жаппай
мессенджерлер мен SMS арқылы «жіберіп алған жеткізілім» туралы жалған
хабарламалар жібереді.
Бір қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз көрінеді және курьерлік
қызметтердің стандартты хабарламаларын еске салады. Мәтінде курьердің
сәлемдемені тапсыра алмағаны және жеткізілімді қайта ресімдеу үшін
арнайы параққа көшуді ұсынатыны көрсетіледі.
Алайда, көрсетілген мекенжай логистикалық компаниялардың ресми
ресурстарын толығымен еліктейтін жалған сайтқа апарады.
Пайдаланушыға жеке мәліметтерін - Т.А.Ә., ЖСН, тұрғылықты
мекенжайын көрсету, сондай-ақ жеткізілімді қайта жеткізу үшін аз соманы
төлеу ұсынылады.
Тиісті ақпаратты енгізгеннен және төлем төлегеннен кейін
қылмыскерлер құпия деректер мен банк деректемелеріне қол жеткізеді, бұл
қаржылық шығындарға ғана емес, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді
қылмыстық схемаларда әрі қарай пайдалануға да әкелуі мүмкін.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым, бірақ маңызды
сақтық шараларын сақтау қажет:
- егер Сіз жеткізілімді күтпейтін болсаңыз, мессенджер және SMS
хабарлардан сілтемелер арқылы өтпеу;
- сайт мекенжайын мұқият тексеру - алаяқтық ресурстар көбінесе бір
немесе екі әріппен, белгілермен ерекшеленеді;
- күдікті ресурстарға құпия және банктік ақпаратты енгізбеу;
- жеткізілімнің мәртебесін курьерлік қызметтердің, логистикалық
компаниялардың ресми сайттары мен қосымшалары арқылы ғана тексеру;
- күдікті хабарламаларды алған кезде оларды елемеу және бұғаттау.
Аферистер азаматтардың сенімділігін және жеткізілім туралы
хабарламаларға жылдам жауап беру әдетін белсенді пайдаланады. Сондықтан
да мұндай схемалар шапшаң таралып, әркімге әсер етуі мүмкін.
Цифрлық ортадағы сақтық - қаржылық ысыраптардан және
дербес деректердің жария болуынан ең жақсы қорғау.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық
17 марта 2026
«Никольск ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде.»

«Никольск ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде.»

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы