2025 жылғы «Бұланды ауданының Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2025 жылғы «Бұланды ауданының Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес «Бұланды ауданының Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

 Мемлекеттік мекеме алты  түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. 1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет жеке және заңды  тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны:  қағаз түрінде көрсетіледі.  2025 жылы 1 өтініш түсті.

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін тандау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: элетрондық және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. 2025 жылы 2 өтініш түсті.

  1. 3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру» «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру»  мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 2025 жылы өтініш түскен жоқ.
4. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату». Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 2025 жылы өтініш түскен жоқ.

 5.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 2025  жылы өтініш түскен жоқ.
6. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. 2024 жылы өтініштер түскен жоқ.

«E – gov» өзіне-өзі қызмет көрсету пункті бойынша 209 қызмет көрсетілді. 2025 жылы 18 жариялау инстаграмм, фэсбук әлеуметтік желілеріне орнатылды, аудандық газетке мемлекеттік тілде 2 мақала жарияланды.

Әкімдік ғимаратында қолданыстағы ережелері бар стендтер бар.

«Бұланды ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары 3 жыл сайын кесте бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

2025 жылы 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Бұланды ауданының Никольск ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.

 

Байланыс мәліметтері: Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты, Никольск ауылы, Советская 5А көшесі, телефон нөмірі: 6-10-70

Қабылдау демалыс пен мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

Никольск ауылдық  округінің әкімі                               Шахатова Ж.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 февраля 2026