2024 жылғы «Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөз бұйдалық көріністеріне жол бермеу;
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес «Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.
«Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.