Отчет о деятельности в сфере оказания государственных услуг ГУ «акимат Караозекского сельского округа Буландынского района» за 2025 год

2025 жылғы «Буланды ауданы Қараөзек ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

 

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. «Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;
  2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. «Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. «Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

 

2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес «Буланды ауданы Қараөзек ауылдық округі әкім аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

 

Мемлекеттік мекеме 2025 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетті:

  1. «Байсуат ауылында жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы». 2025 жылы – 1 қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілді.
  2. «Қараөзек ауылдық округінде Ақмола облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-не жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы». 2025 жылы – 1 қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілді.
  3. «Қараөзек ауылында Буланды ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-не жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы». 2025 жылы – 1 қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілді.
  • «Қараөзек ауылында «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-не жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы». 2025 жылы – 1 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.
  • «Байсуат ауылында «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-не жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы». 2025 жылы – 1 қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ақпараттық стендтерде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Мекеме мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Ақпарат байланысы:

Қараөзек ауылы, Б. Шолақ көшесі №13, «Буланды ауданы Қараөзек ауылдық округі әкім аппараты» ММ

Телефон: 8 (71646) 38-4-83

Қабылдау: жұмыс күндері 09.00–18.30, түскі үзіліс 13.00–14.30

 

 

Қараөзек ауылдық округі әкімінің м.а.                              Н.Жұмабаев

Дата публикации
26 февраля 2026