Отчеты по государственным услугам

2023 жылғы «Бұланды ауданының Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
          Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiніне көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
         2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес «Бұланды ауданының Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

Мемлекеттік мекеме алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1 1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін тандау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

2023 жылы 6 өтініш түсті.

  1. 2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру»

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру»  мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

2023 жылы өтініш түскен жоқ.

3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

2023 жылы өтініш түскен жоқ.

  1. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
          Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

2023 жылы өтініш түскен жоқ.
  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

          2023 жылы өтініш түскен жоқ.

  1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
          Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық  (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде

          2023 жылы өтініш түскен жоқ.

  1. «Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)»
         Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

         2023 жылы өтініш түскен жоқ.

           E-gov қолжетінділік бұрышы арқылы 49 қызмет көрсетілді.
Қараөзек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәлімет стендтерде орналастырылды және аудандық «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланды.  Facebook және инстаграмм әлеуметтік желілерінде Қараөзек  ауылдық округі әкімінің ресми парақшасында жарияланды.
          2023 жылы мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан  «Бұланды ауданының Қараөзек ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:

«Бұланды ауданының Қараөзек ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ, Қараөзек  ауылы, Б.Шолақ  көшесі № 13 телефон нөмірі: 8 (71646) 38-4-83.
         Қабылдау апта сайын жұма күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін — түскі үзіліс.

Дата публикации
28 февраля 2024