"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-I Заңына сәйкес, елді мекенде нотариус болмаған жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген Ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды адамы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
- өсиеттерді куәландырады;
- сенімхаттарды куәландырады;
- құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландырады;
- өтініштердегі қолдың түпнұсқалығын куәландырады.
ҚР заңнамалық актілерінде уәкілетті органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.