Бұланды ауданы Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты ММ:
- Аз қамтылған адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
- Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
- Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
- Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
- Қылмыстық-түзеу инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
.