"Бұланды ауданының Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер қатынастары саласында халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
- Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттейді;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға береді;
- Қоғамдық сервитуттарды белгілейді;
- Қала әкімдігіне жер телімдерін, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Мемлекеттік корпорацияға жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеу және тоқтату туралы ұйғарым жібереді;
- Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
- Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға ақпарат береді;
- Өкілді және атқарушы органдарға қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің шекараларын белгілеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді.