2024 жылғы «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2024 жылғы «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
          Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiніне көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
         2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

 Мемлекеттік мекеме алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
    Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
    2024 жылы 1 өтініш түсті.
    2. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
    Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
    2024    жылы 5 өтініш түсті - қараудың 1 кезеңінде.
    3. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
    Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
    20234 жылы өтініш түскен жоқ.
    4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
    Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) түрінде.
    2024 жылы өтініш түскен жоқ.
  2. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
    Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
    2024 жылы өтініш түскен жоқ.
  3. «Жер учаскелері туралы ақпараттарды жаңарту (реттеу)»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған).

2024 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2024 жылы 2 өтініштер түсті, 1 өтініш – 1 кезең, 1 өтініш – 2 кезең.
           E-gov қолжетінділік бұрышы арқылы 158 қызмет көрсетілді.
Капитоновка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәлімет стендтерде орналастырылды және аудандық «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланды: № 18 2024 жылғы 3 мамыр «Кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру» (1 кезең), № 47 2024 жылғы 22 қараша «Жер учаскелері туралы ақпараттарды жаңарту (реттеу)», № 47 2023 жылғы 24 қараша «Кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру» (1кезең),  Facebook және инстаграмм әлеуметтік желілерінде Капитоновка ауылдық округі әкімінің ресми парақшасында 2024 жылы мемлекеттік қызмет туралы 46 мақала жарияланды.

2024 жылы мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан  «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:

«Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ, Капитоновка ауылы, Достық  көшесі № 50 телефон нөмірі: 8 (71646) 32-1-37.
         Қабылдау апта сайын жұма күндері жүргізіледі, сағат 09.00 - ден 18.30 -ға дейін, сағат 13.00 - ден 14.30 - ға дейін — түскі үзіліс.
 

Капитоновка ауылдық округінің  әкімі                                    З.Янкова

 

2024 жылғы «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
Дата публикации
21 февраля 2025