Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату –сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiніне көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кезкелген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қолжеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.
Мемлекеттік мекеме жеті түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», бұл қызмет 2023 жылдың 01 тамызына дейін қолданыста болды. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтті көрсету нысаны: элетрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. 2023 жылы 3 өтініш, түсті, барлығына дәледенген бас тарту ескертулер жіберілді.
E-gov қолжетінділік бұрышы арқылы 59 қызмет көрсетілді.
Капитоновка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәлімет стендтерде орналастырылды және аудандық «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланды: № 32 2023 жылғы 11 тамыз «Тұрғындардың назарына»,№ 38 2023 жылғы 22 қыркүйек «Жер учаскелері туралы ақпараттарды жаңарту (реттеу)», № 47 2023 жылғы 24 қараша «Кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру»,Facebook және инстаграммәлеуметтік желілерінде Капитоновка ауылдық округі әкімінің ресми парақшасында 2023 жылы мемлекеттік қызмет туралы 6 мақала жарияланды.
2023 жылдың 21-25 тамыз аралығында Капитоновка ауылдық округінің маманы «Мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» атты біліктілігін жетілдіру курсына қатысты. (оның ішінде 3 сағаты «Ресми жазылым).
2023 жылы мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты: «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Капитоновка ауылы, Достық көшесі №50 телефон нөмірі: 8 (71646) 32-1-37. Қабылдау апта сайын жұма күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін — түскі үзіліс.