
Біржан сал ауданының Үлгі ауылдық округінің әкімін сайлаудың нәтижелері туралы хабарлама.
Біржан сал аумақтық аудандық сайлау комииссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 - бабы 9) тармақшасы, 44 - бабы 2) тармағы, 45 - бабы, 113 - 10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Біржан сал ауданы Үлгі ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын шығарды:
Үлгі сайлау округі Үлгі ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша: сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың саны 1136 азамат, соның ішінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 654. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 18, «Бәріне қарсымын» белгі қойылған – 10. Кандидаттарға берілген дауыстар саны:
Абжанова Р.Ж. – 384; Езов Д.А. – 10; Жақсыбергенова С.Д. – 10; Мұстафин Б.М. – 222.
Үлгі ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған, 1963 жылы туған, «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттау бөлімінің басшысы, Үлгі ауылының тұрғыны Абжанова Рысжан Жолдаңғарқызы сайланды.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 17 казандағы шешімімен 2022 жылғы 16 қазанда сайланған Біржан сал ауданының Үлгі ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы