
2022 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАЗАНДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ҮЛГІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ
ӘКІМГЕ ҮМІТКЕРЛЕР
Үлгі ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
Хабарлама
Біржан сал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
Әкімдікке кандидаттар болып тіркелсін:
Абжанова Рысжан Жолдаңғарқызы, 1963 жылы туған, «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттау бөлімінің басшысы, Үлгі ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Езов Денис Александрович, 1982 жылы туған, Біржан сал ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы, Макинка ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Жақсыбергенова Салтанат Дәулетханқызы, 1983 жылы туған, «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» ММ бөлім басшысы, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Мустафин Бахтияр Маратұлы, 1986 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы